«Атырау қала жастары – 2024» бағдарламасына құжаттарды қабылдау басталды

«Атырау қала жастары – 2024» бағдарламасына құжаттарды  қабылдау басталды

Өңірде «Отбасы банк» АҚ және облыстық әкімдіктің қолдауымен «Атырау қала жастары – 2024» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Жобаға бөлінген қаражат мөлшері – 2 млрд 300 млн теңге. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Нұржан Мұғалімов баспасөз брифингінде мәлім етті деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бағдарлама қатысушыларына берілетін несиенің ең көп сомасы – 20 млн теңге. Несиелік мөлшерлеменің жылдық көрсеткіші – 6%, ал бастапқы жарна – 10%. Несиенің максималды мерзімі – 19 жыл.

«Атырау жастары» бағдарламасының қатысушыларына қойылатын бірнеше талап бар. Біріншіден, өтінім берушінің жасы 35-тен аспауы шарт. Екіншіден, қатысушының Атырау қаласында кемінде соңғы бір жыл тұрақты тіркеуі және өтініш берген кезде өзімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Атырау қаласында тіркеуі болуы тиіс. Үшіншіден, бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін немесе меншік құқығындағы тұрғын үйінің жоқтығы ескеріледі. Төртіншіден, Атырау қаласында таңдаған мамандығы бойынша ресми жұмыс өтілі болғаны жөн. Бесіншіден, бағдарламаға ерлі-зайыпты жастардың біреуі ғана қатыса алады.

– Бағдарламаны ұсынудағы басты мақсат – жастардың барынша тиімді шарттармен баспана сатып алуына жол ашу. Бұл қаламыздағы жастардың, әсіресе табыс көзі аз жас буынның үй алудағы мәселесін оңынан шешуге мүмкіндік береді, – деді Н.Мұғалімов.

 

Ертай Айғалиұлы
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 200
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 196
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 702
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 825
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 739

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8895
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8290
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11518
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9274
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10501