Атырауда Tomorrow School кампусы ашылды

Атырауда Tomorrow School кампусы ашылды

Атырауда Tomorrow School жобасы аясында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында заманауи IT-білім беру инфрақұрылымына бағытталған өңірлік кампус іске қосылды. 

Tomorrow School — Николя Садирак әзірлеген халықаралық 01 Edu Platform негізінде құрылған жоба. Оны Astana Hub экожүйесіне кіретін Alem.ai Foundation жүзеге асыруда. Бұл – Қазақстандағы peer-to-peer қағидатына негізделген жасанды интеллект бағытындағы алғашқы мектеп.

Бағдарламаға қатысу тегін және 18 жастан асқан Қазақстан азаматтарының барлығына ашық. Алдын ала IT-білім талап етілмейді. Қатысушылар оқу процесін нөлден бастап, бағдарламалау, алгоритмдік ойлау және жасанды интеллект бағыттары бойынша кезең-кезеңімен білім алады. Оқыту peer-to-peer қағидатына негізделген. Яғни қатысушылар бір-бірінен үйреніп, жобаларды өзара бағалау арқылы тәжірибе жинақтайды.

Оқыту тәжірибеге негізделген және peer-to-peer форматында өтеді. Қатысушылар жобаларды өзара бағалау арқылы тәжірибе жинақтайды. Оқу процесі индустрияға жақын практикалық тапсырмалар арқылы жүргізіледі.

Кампус М.Асаубаева атындағы креатив хабта орналасқан және тәулік бойы жұмыс істейді. Оқыту толық цифрлық платформаға негізделген, GitLab интеграциясы мен заманауи инженерлік құралдар қолданылады.

– Бұл жоба өңірдің IT-экожүйесін дамытуға және цифрлық экономикаға қажетті білікті кадрларды даярлауға, талантты жастарды қолдауға бағытталған. Жаңа кампус болашақ инженерлер мен жасанды интеллект мамандарын даярлайтын заманауи алаңға айналады, – дейді университет ректоры Гүлзада Шакуликова.

А. ХАМИТТЕГІ
30.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25301
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24799
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42571