Аудан әкімі ауыз су жүйелерінің құрылыс барысын тексерді

Аудан әкімі ауыз су   жүйелерінің құрылыс   барысын тексерді

 

Аудан әкімі Ернар Есіркепов өлкеде салынып жатқан маңызды инфрақұрылымдық нысандарды, атап айтқанда, ауыз су имараттарының құрылыс барысын жіті зерделеді. 

Әкім Сөгеті, Мамай және Шөңгер ауылдарындағы нысандардың жай-күйімен танысып, аумақтарды абаттандыру және өзге де бағыттар бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Қуаныштысы, қазіргі таңда аталған елді мекендердегі ауыз су имараттарының құрылысы толық аяқталды. Алдағы күндері ресми ашылу салтанаты ұйымдастырылып, бұл нысандар тұрғындар игілігіне берілетін болады.

Бүгінгі таңда ауданның 38 ауылдық елді мекенінде (90,4%) немесе 64,8 мың тұрғыны (95,5%) орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Ауданның даму жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы ауданның барлық 42 елді мекені 100% ауыз сумен қамтылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасуда: биыл Р.Сәбденов ауылына жаңа ауыз су жүйесін тарту үшін 982 млн теңгеге келісім-шарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жоба жыл соңына дейін аяқталып, халық игілігіне беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, Ернар Есіркепов халық көптен күткен инфрақұрылымдық мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Әкім Сұмқайты ауылына бағытталған көлік жолының жаңа жабындысын және Құлан ауылындағы аялдамалардың жағдайын да арнайы барып зерделеді. Бұл жұмыстардың барлығы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады.

 

01.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 277
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 304
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 278

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20600
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20391
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35491
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34065
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37926