Еліміздің экономикалық өсуінің басты көрсеткіші және оны ары қарай дамытушы шағын және орта бизнес болып табылады.
Аудан бойынша 4933 шағын және орта бизнес субъектілер тіркелген. Оның ішінде, жеке кәсіпкерлер – 3006, шаруа қожалықтар – 1738, орта - 189.
Ауданда тіркелген 4933 кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде 4360 шағын және орта бизнес субъектілері белсенді жұмыс жасауда.
Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу бойынша жұмыстар жалғасуда.
«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында екінші деңгейлі банктер арқылы 1105,5 млн. теңгеге 44 жоба қаржыландырылды.
Жеке және шағын кәсіпорындардағы бөлшек сауда тауар айналымы 2 800,3 млн. теңгені құрады.