Бүгінгі күнге Жаңатас қаласында тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаж азаматтар есебінде 4 санат бойынша 1721 адам тіркелген.
Биылғы жылға пәтер кезегінде тұрған азаматтарға 268 пәтерді сатып алып, беру үшін 3,2 млрд. теңге бөлінді.
Жыл басынан 268 пәтердің 98 отбасына пәтер берілсе, жыл соңына дейін тағы 170 отбасына пәтер берілетін болады.
Ауданда көпқабатты тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары да жүйелі жүргізіліп келеді.
Биылғы жылы Жаңатас қаласындағы 2 шағын аудан, №32-ші 90 пәтерлі үйді қайта қалпына келтіруге 656,2 млн. тенге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда.