Соңғы жылдары елімізде ауылшаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінуде. Суармалы жерлерді тиімдіпайдалану, мол өнім алу үшін ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану арқылы сапалы өнім алынуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Т.Рысқұлов ауданы аумағында да тиянақты жүргізілуде. Осы орайдааудан әкімі Ернар Есіркепов ауылшаруашылығы саласының дамуынаелеулі үлес қосып жүрген бірқатар шаруақожалықтардың жұмысына зер салды.
Жұмыс сапары барысында Құлан ауылындағы «SV AGRO» ЖШС-нің қарқынды алма бағымен, Жақсылық ауылындағы «Алтын-Тау» ШҚ қант қызылшасы алқабымен, Көкдөнен ауылындағы «Бақ-Дәулет» қант қызылшасы және дәндік жүгері алқабымен, сондай-ақ, Көкдөнен, Көгершін елді мекендеріндегіканалдарды көріп, олардың жағдайымен толық танысты.
Жалпы аудан аумағында 18 канал бар. Ауданда 6320 га суармалы алқап бар болса, каналдардың тозығының жетуінебайланысты бүгінгі 2320 га ғана суармалы алқапқа су беру мүмкіндігі бар.Ауданның диқандары биылғы жылы 2320 га суармалы жерді игеріп, 380 га қант қызылшасы, 274 га дәндік жүгері, 1796 га күнбағыс, 560 картоп, 522 га көкөніс және 174 га аумаққа бақша дақылдарын еккен.
Яғни, аудан аумағында 6320 га суармалы жер бар болса, соның 37 пайызы игеріліп отыр. Осы орайда суармалы жердің көлемін ұлғайтып, аудан аумағындағы су каналдарын қалпына келтіру мәселесі бүгінде өзекті.
Осы орайда аудан басшысы тиісті сала басшыларына толыққанды суару үшін талдау жұмыстарын жүргізіп, басқа да каналдардағы қалыптасқан жағдайды зерделеу керек екендігін тапсырды.