Жуалы ауданына қарасты Алатау ауылындағы оқушылар қыркүйек айынан бастап жаңа мектепте білім алады. Қызыларық ауылдық округіндегі ағарту ошағының құрылысы 529 млн теңгені құрайды. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ауданға арнайы барып, тыныс тіршілігімен танысты, округ әкімінің есебін тыңдады.