Ауқымды экоакция өтіп жатыр

Ауқымды   экоакция өтіп   жатыр

 

Астанада қаланы санитарлық тазалауға, абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экоакция өтіп жатыр. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және басқалар), еріктілер, оқушылар мен студенттер, МИБ (ПИК) және басқалар қатыспақ.

Экоакция шеңберінде қалада: қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жүргізіледі. Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды тазарту, көгалдар мен гүлзарларды орнату бойынша іс-шаралар, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. өткізіледі.

Әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді үлес қосуда. Қала тұрғындары бүкіл кіреберістер мен аулалармен өз аулаларын таза етуге шықты.

Экоакция аясында қалада 13 сәуірден бастап ауқымды іс-шаралар жалғасуда. Сенбілік кезінде қаланың үш жерінде жасырылған ақшалай сыйлықтардың иегерлері анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған.

Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Алғашқы аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартады.

Екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріліп, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмысына бағытталады.

Ал 20-27 сәуір аралығындағы «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға, оларды ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумағын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында «Ғашықтар» саябағында сенбілік өтті. Оған Дене шынықтыру және спорт басқармасының 100-ден астам спортшысы мен қызметкері қатысқанын айта кеткеніміз жөн. Басқарма басшысы Василий Левит атап өткендей, мұндай экологиялық іс-шаралар спорт қайраткерлерінің назарынан тыс қалмайды. «Сенбілік – командалық рухты көтерудің және кез келген ұжымдағы психологияны жақсартудың тамаша тәсілі. Бүгінгі сенбілікке елімізге белгілі спортшылар, оның ішінде әлем чемпионы – елордалық ауыр атлет Едіге Емберді, сондай-ақ Астана құрамасының джиу-джитсудан спортшылары, нақтырақ айтқанда, Азия ойындарының алтын жүлдегері Нұржан Батырбеков қатысты», – деді Василий Левит.

Сенбілікке шинкиокушинкай каратэден Азия чемпионы Руфат Раманұлы және кикбоксингтен ҚР чемпионы, Әлем Кубогының жеңімпазы Диас Иманбаев қатысты. Олар «Аспан» спорт кешенінің аумағын тазалауға көмектесті.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК

 

16.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1166
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7214
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11078
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7278
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7425