«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА 1,5 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА  1,5 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

 

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында 242 жұмыс орны құрылады. 2025 жылы өңірге бұл үшін 1,5 миллиард теңге бөлінді.

Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған. Жоба бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді және  өзінің тиімділігін дәлелдеуде. Ол жаңа бизнес-идеяларды іске асыру және жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын құру есебінен ауылдық аумақтардың экономикалық тұрақты болуына көмектеседі.

«Қазіргі уақытта бағдарламаны іске асыру үшін бағдарламаның сенімді агенті анықталды. Ол «Солтүстік ӘКК» АҚ болды. Өткізілген скрининг нәтижелері бойынша ауылдық елді мекендерде шағын құс фермалары, жартылай фабрикаттар мен шұжықтар өндірісі, жылыжай кешендері, ара шаруашылығы, жүн мен теріні қайта өңдеу, сондай-ақ құрылыс материалдарын шығару сияқты бағыттарды дамыту ұсынылады», – деп хабарлады СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

Сондай-ақ, басқарма  хабарлағандай, Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында тауарлық несие беру бойынша Жол картасы әзірленді. Оның мақсаты ауылшаруашылығы жануарларын қайтарымды негізде беру арқылы кепілдігі жоқ ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту болып табылады. Осы тетік шеңберінде ірі және орта ауылшаруашылығы өндірушілері ауылшаруашылығы жануарларын несиеге береді, бұл бизнестің басталуын кең ауқымды адамдар үшін қолжетімді етеді.

Нұрсайын ШӘРІП
13.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4377
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4555
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19503
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18159
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21606