«АУЫЛ АМАНАТЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

«АУЫЛ АМАНАТЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

«Ауыл аманаты» жобасы ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған. Жылдық 2,5 пайызбен берілетін жеңілдетілген несие азаматтарға идеяларын жүзеге асыруға, өз ісін ашуға және жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік ұсынды. Бағдарламаның оң нәтижесі көз алдымызда. Өткен жылы республикалық бюджеттен 3 млрд теңге қаралып, 406 жоба несиелендірілді, 713 жұмыс орны ашылды. Биыл 4 млрд 600 млн теңге қаржы бөлінуде. 

Аталған бағдарлама өнім өндірумен қатар, оны өткізу мәселесін шешеді. Басымдық өңірдің ерекшелігіне қарай өндірістік жобаларға беріледі. Ал мал шаруашылығына қатысты жобаларға асылтұқымды мал сатып алу талабы қойылады. Бұл төрт түліктің тұқымын түрлендіруге жол ашады, сондай-ақ жақындарының малын тіркеп қоюшыларға кедергі болмақ. Осылайша қаржы нақты мақсатына жұмсалады. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 1 томат пастасы цехы, 34 жылыжай ашылып, 671 асылтұқымды төрт түлік алынды. Сонымен бірге, 21 сүт және ет өнімдері өндірісі іске қосылып, 66 ауылшаруашылығы техникасы әкелінді. Оған қоса 14 балық, 18 құс шаруашылығы өркен жайды. Жоба қатысушыларының арасынан 38 адам кондитер және нан өнімдерін пісірумен айналысады, 3 гидропоника, 7 жиhаз, 34 пластикалық өнімдер мен құрылыс материалдары өндірісі, 98 қызмет көрсету орны ашылды. Қалған жобалар бойынша мониторинг жалғасуда. «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көрген 106 елді мекенде 51 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, оның 33-і 716 млн теңгеге қаржыландырылды. Биыл 575 жобаны іске асыру, 610 жұмыс орнын ашу көзделуде.

11.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6600
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6032
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9237
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7022
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8233