«Ауыл аманатының» үздіктері анықталды

 «Ауыл аманатының» үздіктері анықталды

Республикалық деңгейде Үкімет басшылығының тікелей қолдауымен ұйымдастырылған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «АMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Қасымқызы Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов, сонымен қатар өңірлерден облыс әкімдерінің орынбасарлары, Ауыл шаруашылығы басқарма басшылары, (СПК) әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация мүшелері  және ауыл әкімдері мен жобаны үздік орындаушылар қатысты.

Екі күндік семинар 4 секцияға бөлініп, мынандай тақырыптарды қамтыды:

1. «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперацияны дамыту, өнімдерді қайта өңдеу және өткізуді ұйымдастыру. 2. «Тауарлық несие мүмкіндіктері және ауылдағы ауыл шаруашылығы емес бизнестің дамуы. 3. Ауыл экономикасы дамуындағы ауыл әкімінің рөлі. 4. «Ауыл аманаты» жобасын іске асырудағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация рөлі. Бұл тақырыптарда арнайы шақыртылған спикерлер осы секцияларда тәжірибе алмасумен қатар алдағы жылға жоспарлар бағытын да баяндады.

Семинардың екінші күнінде салтанатты жиын ұйымдастырылып, жоба аясындағы үздіктер марапатталды. Үкімет басшылығының шешімі негізінде әр өңір бойынша 9 номинацияда  «Үздік қайта өңдеуші»,  «Үздік кооператив», «Үздік тауарлық несие беруші», «Үздік ауыл әкімі»  номинацияларында   жүлделі 1, 2, 3-орындар марапаты  табысталды.

Ақтөбе облысы 2 номинацияда үздік келді:

«Үздік тауарлық несие» (Төлеуова). 

«Үздік ауыл әкімі»  (М.Бекжанов). 

Осындай үлкен шара барысында Тамара Дүйсенова мен Ералы Лұқпанұлының жыл ішінде барлық өңірді жеке аралап, әр ауладағы шаруа адамдарының тыныс-тіршілігімен жеке танысқандарын айта кету керек.

Мемлекет басшысының тапсырмасының өңірлерде орындалуын қадағалау барысында үздіктерді айқындау шарасы Қызылорда өңірінде өтуінің өзінде де бір ерекшелік бар. Қызылорда облысы дәстүрлі емес бағыттарда қарапайым ауыл тұрғындарының  кәсіптерін ашуда алдағы сапта тұрғанын Тамар Дүйсенова өзі айтқан болатын.

Қызылорда қаласы Бесарық ауылдық округінде жеке кәсіпкер Абай Дәулет шаруашылығы сол жердегі жерлестері үшін ауылдың көркеюі жолында өз қаражатын бағыттау жұмыстары мен жоспарын баяндады. Жеке кәсіпкер М.Сәрсенбаев – «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар үшін Агро Индустрия алаңын салып берген жеке кәсіпкер. Осындай ізгі істермен еліміздің әр кәсіпкері туған жері үшін патриоттық сезіммен атсалысса, еліміздің көркеюі жолында зор септігін тигізері айқын. Бұл зор үлгі-өнеге.

Үкімет басшылығының қолдауымен, Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен қорытынды шара өте жоғары деңгейде орындалды. Өңірдің әр түкпірінен келген шараға қатысушылар мен Ақтөбе қаласынан барған  делегация  Қызылорда өңірінің қарқынды дамуының куәсі болды.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
19.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 137
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 39
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 113

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2162
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2394
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17285
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16007
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19381