Ағымдағы жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданында "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында ауданның 7 ауылында жалпы сомасы 677 млн.теңгеге 34 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңға мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде, оның нәтижесінде мердігерлік ұйымдар анықталатын болады.