Ауыл мектебінің оқушылары қоршаған ортаны тазартуға арналған робот құрастырды

Ауыл мектебінің оқушылары қоршаған ортаны тазартуға арналған робот құрастырды

Оқу-ағарту министрлігі «100 жаңа есім – 100 новых лиц» айдарында өзгелерге үлгі боларлық және білім беруге жаңа серпін беретін тұлғалар жайлы баяндайды.

Бұл жолы ведомство Абай облысы Аягөз ауданының қазақ мектеп-лицейінде оқитын 5-сынып оқушылары: Ерсұлтан Жұматай, Әмірхан Сапиев пен Әкежан Берікқазы. Олар су арналарындағы қоқысты автоматты түрде тазартатын ерекше робот жасап шыққан, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жобаның негізгі мақсаты — су арналарында қоқыстардың жиналуының алдын алу. Оқушылар экология, инженерия және робототехника сабақтарында алған білімдері бойынша құрастырған.

«Жалын» деп аталған робот тұрмыстық қалдықтар мен жапырақтарды жинай отырып, арналардың таза болуын және судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді.

Идеядан бастап іске асыруға дейінгі барлық кезеңдерді оқушылар өздері орындап, механикалық тазарту қағидаларын және бағдарламалаудың негіздерін зерттеген.

«Бізге бұл идея Президентіміздің «Таза Қазақстан» бастамасының арқасында келді. Роботымыз туған ауылымызда тазалықты сақтауға көмектессе дейміз. Ал болашақта қоқысты жинап қана қоймай, оны сұрыптай алатын мини-робот жасауды жоспарлап отырмыз», — дейді оқушылар.



Айта кетейік, жоба 2024 жылғы FIRST Championship аймақтық кезеңінде жоғары бағаланып, үздік ондыққа еніп, әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі, жаңашылдығы мен командалық жұмысы үшін Core Values Winner номинациясында марапатқа ие болды.

aqshamnews.kz
06.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6417
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6550
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21527
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20146
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23629