Ауыл руханиятының жаңа ордасы

Ауыл руханиятының жаңа ордасы

Алматы облысы Кеген ауданы Жылысай ауылында мәдениет үйінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Бұл оқиға өңірдің мәдени-рухани дамуына серпін беретін елеулі қадам болып отыр.
Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысы мәслихатының төрағасы Байғожаев Қуат Сұлтанұлы, Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Кеген аудандық мәслихатының төрағасы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы, қоғам қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы Данышпанов Бексырға, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.
Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, еңбек ардагерлері, мәдениет саласының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары салтанатты шараның куәсі болды.


Іс-шара барысында сөз сөйлеген қонақтар жаңа мәдениет үйінің ауыл өміріндегі маңызын атап өтті. Олардың айтуынша, бұл ғимарат халықтың мәдени сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, өнер мен шығармашылықтың дамуына, жас буынның қабілетін шыңдауға кең мүмкіндік береді. Жаңа нысан түрлі мәдени-көпшілік шараларды, концерттерді, көрмелер мен кездесулерді өткізуге толықтай бейімделген.
Жаңа мәдениет үйінің ашылуы — мемлекет тарапынан елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Мәдени нысан ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және мәдениет саласының әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.
Салтанатты рәсім ел бірлігі мен ынтымақты, ортақ мақсат жолындағы бірлескен еңбектің нәтижесін айқын көрсетті. Жылысай ауылы үшін бұл күн мәдени дамудың жаңа белесін бастаған, тарихи маңызы бар айтулы оқиға ретінде есте қалды.

22.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21332
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36318
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34711
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38672