Күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен АМАНАТ партиясы аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков ауылдардағы Наурыз тойына қатысты.
Жалпақтөбе ауылында Ұлыстың ұлы күні жоғары деңгейде аталып өтілді. Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет үйінде өткен шарада ауыл кәсіпкерлерінің өнімдері мен қолөнершілер бұйымдары назарға ұсынылды. Аулада арқан тартыс және спорт түрлерінен сайыстар өтті.
Аудан басшысы көпшілікті мерекемен құттықтап өтті.
Ал өнерпаздар ән айтып, би билеп, көпшілік көңілін көтерді