Ауылшаруашылығы өркендеу үстінде

Ауылшаруашылығы өркендеу үстінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылығы саласын дамытудың маңыздылығы мен өзекті мәселелері жайында үнемі айтып келеді. Президент өткен жылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында аграрлық саланы өркендету жайына тағы да кеңінен тоқталғаны мәлім. «Ауылшаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Осы орайда, зерделей сараптасақ, Абай облысында ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру, аграрлық саланы дамыту бағытындағы жұмыстарды ширату бағытында ілгерілеушілік бар екендігін баса айтуға болады. Абай облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша осы саладағы өнімнің жалпы шығарылымы 535,2 млрд теңгеден асқан. Бұл ауылшаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 103,5% мөлшерінде қалыптасқандығын көрсетеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша салаға 78,5 млрд теңгеге инвестиция салынған. Яғни, 2022 жылғы деңгейден 38,8 млрд теңгеге немесе екі есе артық деуге болады. Барлық ет пен сүт өнімдерін алу 102,0% -ға (104,0 мың тонна) және 104,0% -ға (596,4 мың тонна) өскен.

СӘТЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540