АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Ақтөбе облысы орталығында, аудандарда қыркүйек айынан бастап тұрақты түрде ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өткізіле бастайды. Тұрғындар ауылдан келген өнімдерді нарық бағасынан әлдеқайда арзанға алу үшін сенбі күндері жәрмеңке өткізілетін базарларға ағылады. 

– Тұрғындар ет, ұн, сүт өнімдерін, ет-макарон өнімдерін, консервілерді, тазартылған күнбағыс майын, картоп пен көкөністі нарық бағасынан 10-15 пайызға арзанға сатып ала алады, – дейді Ақтөбе облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов.

Басқарма басшысының айтуынша, облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қоры құрылды. 

Азық-түлік корпорациясынан алдағы жылға 10 мың тоннадан астам астық сатып алынған, бұл алдағы наурыз айына дейін нанның бағасы қымбаттамайды деген сөз.  

Облыста 32 түрлі негізгі азық-түлік тауарларының 24-і өндіріледі: ұн, нан, макарон өнімдері, сиыр еті, қой еті, тауық еті, сүт және сүт өнімдері, тауық жұмыртқасы, өсімдік майы, сары май, картоп, көкөніс және т. б. Өнімнің қалған 8 түрі (қарақұмық жармасы, күріш, қант, тұз, сарымсақ, бұрыш, алма, балық) басқа өңірлерден әкелінеді. Мәселен, сәбіз бен картоп Жамбылдан, Қарағандыдан, қарақұмық Павлодардан жеткізіледі.

Өңір халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2022-2026 жылдары ауылшаруашылығы саласы бойынша 272,8 млрд теңгеге 77 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Облыстағы 100-ден астам ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорын жүйелі жүмыс істеп келеді. 

– Сүт өңдеу саласы бойынша облыста 3 ірі сүт зауыты жұмыс жасап жатыр. Оның бірі Ақтөбе қаласындағы «Айс-плюс» серіктестігі болса, қалған екеуі аудандарда (Мәртөк ауданында – «Мәртөк-сүт», Хромтау ауданында «Агрофирма «Тау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) жұмыс істеп тұр. Олардың жылдық қуаттылығы – 45,9 мың тонна. Ет өңдеу саласы бойынша облыста жұмыс істеп жатқан 14 кәсіпорынның  жалпы жылдық қуаттылығы – 43,9 мың тонна. Астық өңдеу саласы бойынша облыста бүгінгі күнге 3 диірмен мен 4 макарон зауыты жұмыс жасап тұр. Өсімдік майы өндірісінде облыста бір ғана ірі  «Ақтөбе Фудс» ЖШС кәсіпорны бар еді, 2020 жылдың наурыз айынан бастап «АКМЭЗ» серіктестігі қосылды. Жылдық қуаттылығы – 68 мың тонна. Бүгінде халықты ет, ұн, нан және күнбағыс майы өнімдерімен өзіндік өндіріс есебінен толық қамтамасыз етіп отырмыз, – деді басқарма басшысы. 

«Алқаптан сөреге» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласында «Табыс агро» атты әлеуметтік павильондар іске қосылып, 12 ауданның тауар өндіруші кәсіпорындары өз өнімдерін қала жұртшылығына арзандатылған бағамен тікелей сату мүмкіндігіне ие болды.  Оған қоса Ақтөбе қаласында Мұғалжар ауданының «Арман М» ШҚ –  «Топатай», «Құлагер» ШҚ – «Керемет», Алға ауданының «Абылай» ШҚ – «Біздің ферма», Мәртөк ауданының «Сұлтан» ШҚ –  «Айман», Қарғалы ауданының «Дәулет» ШҚ – «Дәулет»  деп аталатын өздерінің ет және сүт өнімдерінің дүкендерін ашып, өз өнімдерін тұтынушыларына тікелей ұсынып отыр.  

– Облыс халқын өзімізде өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерімен тиімді бағамен делдалсыз қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан аудандар мен облыс орталығында сауда айналымы 708,5 млн теңге болатын  367 ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкелерде барлығы 371,5  тонна еттің барлық түрі, 195,4 тонна сүт және сүт өнімдері және 55,1 тоннадан астам басқа да ауылшаруашылығы өнімдері тұрғындарға ұсынылды, – деді Исатай Еспағанбетов. Оның айтуынша, ауылшаруашылығы жәрмеңкелері қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін ұйымдастырылатын болады. 

 

М.ТАБЫН, Ақтөбе облысы
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 165
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 374
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 347
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 962

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645