Автобустарда аудиокітаптар қосылды

Автобустарда   аудиокітаптар қосылды

Енді жолаушылар қоғамдық көліктерде орналастырылған QR-кодтар арқылы әдеби шығармаларды, тарихи-танымдық материалдарды және ұлттық құндылықтарға негізделген контентті тыңдай алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. QR-код арқылы 200-ге жуық шығарманы тегін жүктеп алуға мүмкіндік бар. Мұндай парақшалар 50-ден астам автобусқа ілінді. Жоба аясындағы жұмыстар жалғасуда.

– Өздеріңіз білесіздер, дамыған елдерде қоғамдық көлікте кітап оқу мәдениеті қалыптасқан. Осы тәжірибені негізге ала отырып, біз оқу мәдениетін жаңа форматта насихаттауды көздеп отырмыз. Сонымен қатар цифрлық технологиялар арқылы оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайтуға мән берілуде. Әсіресе, бұл бастама жастар мен жолаушылар үшін уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, – деді мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Айгүл Қуаныш.

Бұл жоба мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «Audio City» атауымен іске қосылды. Алдағы уақытта бастаманы қала әкімдігінің қолдауымен қоғамдық орындарда және білім беру ұйымдарында жалғастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, ашық аспан астында жастардың кітап оқуына арналған арнайы алаңдар ұйымдастыру көзделіп отыр.

 

А. ХАМИТТЕГІ
29.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25301
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24799
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42571