Ахуалдық орталық сала жұмысына серпін береді

Ахуалдық орталық сала жұмысына серпін береді

Елімізде денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін жыл сайын орасан зор қаржы бөлініп, қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізіліп жатыр. Соның жарқын көрінісі ретінде күні кеше Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының базасында ашылған ахуалдық орталықты айтуға болады.

Басқарма басшысы Жанар Оспанованың бастамасымен қолға алынған жоба аймақта алғаш рет іске қосылып отыр. Жаңа орталықтың міндеті – медициналық мекемелер мен дәрігерлердің жұмысы туралы ақпаратты онлайн режимде қадағалау және өңдеу. Бұл жүйе аймақтың денсаулық сақтау саласын бақылау мен басқарудың тиімді құралы болып отыр. Яғни мұнда Тараз қаласы мен облыс аудандары бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің шұғыл әрекет ету шараларына талдау жүргізіледі. Онда сондай-ақ аймақ халқы денсаулығына байланысты байланысты мәліметтер базасы біріктірілген. Айта кетер жайт, орталықтың ашылуына облыс қазынасының бір теңгесі де жұмсалмаған. Жобаның жүзеге асуы толықтай де- меушілер көмегімен жүргізілген.
– Бүгінгі таңда мемлекеттік құрылымдар мен бюджеттік ұйымдардың алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі – халық үніне құлақ асатын және тиімді мемлекет құру жолдарын дамыту. Азаматтар мен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының цифр- лық құралдарын енгізу мен шешім қабылдауды қолдау және нақты уақыт режимінде халықпен кері байланысты жеңілдету де – басты талап. Бұл ретте аталған мәселені шешудің заманауи тәсілі осы ахуалдық орталықтарды енгізу болып отыр.

– Орталықтың артықшылығы – мұнда барлық емдеу мекемелерін арнайы тіркеу базасы біріктірілген ашық ақпараттық жүйеде арнайы бақылауға болады. Яғни басқарма енді облыстағы барлық емдеу орындарындағы бос төсек орындарын, дәрігердің қабылдауын, кезекте тұрғандар тізімін, есепке алынған немесе алынбаған жүкті әйелдер, онкологиялық және туберкулез ауруымен тіркелгендер санын, дәрігерді үйге шақырту бойынша мәліметтер есебін, активтердің орындалуын, пациенттер мен емхана арасындағы кері байланысты, белгіленген көрсеткіш индикаторларының орындалу деңгейін, тіпті еңбекке жарамсыздық парағының электрондық нұсқасының берілуін де бақылай алады, – дейді Жанар Оспанова.
Орталықта нақты уақыт режимінде денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы туралы ақпарат ұсынатын, күрделі жағдайлар туралы хабарлап, сол арқылы пайда болған проблемаларды жедел шешуге мүмкіндік беретін бағдарламалық кешен орнатылған. Осы арқылы басқарма аймақтағы денсаулық сақтау жүйесін қадағалау және басқарудың тиімді құралына ие болып, артық қағазбастылықтан арылып отыр.
«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысына сай жұмыс істейтін ахуалдық орталық «қазір және осында» принципі бойынша емдеу ұйымдарындағы үдеріс- терді ақпараттық-талдамалық қолдауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ емдеу мекемелерінің басшыларына тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға, даму стратегияларын қалыптастыруға, дағдарыстық және төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе болдырмауға көмектеседі.
Жұмысын жаңа бастаған орталықта сарапшылар күту уақытынан бастап, дәрігердің бір науқасты қарауға кететін уақыты мен диагнозына, үйге шақыртуы бар-жоқтығына дейінгі ақпаратты көре алады. Сараптау жұмысы жүргізіліп біткеннен кейін медициналық мекемелердің рейтингі шығарылады. Бұл жұмыс сапасын арттырып, кемшіліктердің санын азайтуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ мониторинг нәтижесінде дәрігерлердің жұмысы да бағаланады. Осылайша денсаулық сақтау қызметкерлерінің тиімді әрекет ету коэффициенті шығарылады. Ол, өз кезегінде, мамандардың еңбекақысына әсер етеді. Бұдан бөлек, мұнда Call-орталық жұмыс істейді. Ол арқылы облыс көлеміндегі медициналық мекемелер бойынша туындаған сұрақтарға жауап беріліп, пациенттердің туындаған мәселелерін шешу жолдары қарастырылады.
Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы ахуалдық орталықта үш қызметкер бар. Мұндай орталықтар медициналық қызметтердің сапасын бақылап қана қоймай, ашықтықты қамтамасыз етуде және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда оң ықпал етеді.

Жамбыл Тараз газеті
09.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 39
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 45
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 44
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 318
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 942

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9015
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8411
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11638
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9394
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10621