Аяулы арулар, сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілейміз!

Аяулы арулар,  сіздерге  әлемдегі бар жақсылықты тілейміз!

Көгілдір көктемді әсем де сұлу қанатымен ілестіріп ала келетін ару қыздарымыздың мерекесінің орны қашанда бөлек қой, шіркін!

Еліміздің сан-салаларында тамаша еңбек етіп жүрген нәзік жандылардың халқымыздың болашағы жарқын болуы үшін қосқан үлестері орасан екендігі сөзсіз. Әсіресе күн-ананың шуағындай төгілген олардың аналық сезімін, мейірімін ештеңемен теңестіре алмайсың. Қалай болғанда да олардың төл мейрамында жұмыр жеріміздің жүрегі лүпілдей соғып, Махаббат нұрына бөленіп, шат-шадыман болып жатады.

Әрбір ұлт өзінің ару қыздарын ерекшелеп, өзгелерден биік, өзгелерден сұлу, өзгелерден мейірімді, артық көріп, барынша әспеттеп жатады. Біз де, қазақ та аруларымызды төрткүл әлемде ең ақылды, ең әдемі, ең нәзік деп бағалап, мақтаныш тұтамыз. Шынында да солай! Оған ешкім дау айта алмайды деп ойлаймыз.

Бірақ соңғы кездері намысшыл жігіттерімізді қамшылайтын өткір, ауыр ойлар мазалап жүргендігінде шәгім жоқ. Ол қандай өткір де ауыр ойлар дейсіз ғой. Оларды айтудың өзі қиын. Алайда «айтпасаң, сөздің атасы өледі» деген бар ғой. Амал жоқ, айтуыңа тура келеді. Осы біз әлсіз, нәзік аруларымызды қорғап алып жүрміз бе? Өткір де ауыр сұрақ осы! Шындық пен ақиқат таразыға түскенде біз еркектер бұл жөнінде жүзіміз төменшіктейді. Қалай дейсіз ғой?

Біріншіден, сүйегімізге таңба түсіретіндей мәселе қыздарымыз кім көрінгеннің қолтығында кетіп бара жатқаны айдан анық. Ащы да болса айту керек, бұл біздің бейшаралығымыз. Әйтпесе өзге туысқан түркі елдерінде бұған арнайы заң шығарып, шетелдік күйеу балаларға қыздарын ала ма, он мыңдаған доллар салық салып тастаған. Біз неге өйтпейміз?

Екіншіден, көптеген аналарымыз қайыр сұрап жүр. Бұл да жаныңды түршіктіретін нәрсе. 

Үшіншіден, қазір бала күтіміне байланысты (декретке шығып) үйде отыратын еркектер көбейді. Сонда кім асыраушы?

Төртіншіден, үш отбасының біреуі ажырасып жатыр. Яғни біздің жастарымыз да балаларын жетім, әйелдерін жесір етіп тастап кетіп жүр. Сонда біздің оларға деген қамқорлығымыз қайда? 

Міне көрдіңіз бе, қазіргі біздің еркектердің сықпытын. Ау, жігіттер, осы өрескел кемшіліктерімізді жөндеп, аруларымызды аялайық. Соның жолдарын табайық. Әзірге аруларымызды төл мерекелерімен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, әлемдегі барлық жақсылықтарды тілейміз. Әумин!

 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

 

08.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

К ОТКРЫТИЮ ТУРИСТИЧЕСКОГО СЕЗОНА В ТУРКЕСТАНЕ ГОТОВЯТ 2,5 ТОННЫ НАУРЫЗ КОЖЕ
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области - 12.03.2025 19
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУШАҢДЫҒЫ ТӨМЕНДЕГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 12.03.2025 16
АРЫСТА ТЫЛДА ЕҢБЕК ЕТКЕН АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.03.2025 107

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1920
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2163
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17049
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15773
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19134