Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Өкінішке орай, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттері немесе әрекетсіздігінен азаматтардың құқықтары бұзылатын жағдайлар жиі кездесіп жатады.
Мұндай жағдайларда азаматтар өздерінің бұзылған құқықтарын қалай қалпына келтіру керектігін және кінәлі мемлекеттік қызметшілерді қандай жауапкершілік күтіп тұрғанын білуі қажет.
Бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің бірнеше түрлері бар, олардың көмегімен азаматтар өз құқықтарын қалпына келтіре алады, оның ішінде шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған лауазымды тұлғаға шағымдану, әкімшілік талап-арызбен сотқа жүгіну, Департаментке шағым беру жатады.
Азаматтар өздерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін Департаментке жиі жүгінеді.
Департамент өз ережесіне сәйкес өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет саласында бақылау және іске асыру функцияларын (мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруі, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңнама, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауы, мемлекеттік қызмет көрсету) іске асыратынын атап өткен жөн.
Мысалы, Департаментке келіп түскен өтініштерде жеке істерді және бұйрықтарды жүргізудің заңнама талаптарына сәйкес келмеуі, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу рәсімін бұзу, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын сақтамау фактілері бойынша мәселелер көтерілген.
Барлық көрсетілген фактілер бойынша тексерулер жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша жекелеген фактілер расталғандықтан, Департаментпен тиісті ден қою актілері енгізіліп, оның қорытындысы бойынша жауапты тұлғалар жауапқа тартылды, ал азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілген.
Азаматтардың құқықтарын қорғаумен қатар мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселесі де жіті бақылауда.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде олардың құқықтарының бұзылуына жол беріліп жатады.
Департамент тоқсан сайын тәртіптік тәжірибе аясында материалдарды зерделеп, оның нәтижелерін Әдеп жөніндегі кеңесте қарайды.
Тек ағымдағы жылдың өткен кезеңінде тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде рәсімдік бұзушылықтарға жол берілгені үшін, мемлекеттік органдардың 12 актінің күші жойылды, ал жіберілген бұзушылықтар үшін кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осыған байланысты, егер сіздердің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Департамент өз өкілеттіктері шеңберінде тиісті ден қою шараларын қолданатынын хабарлаймыз.
Тиісті өтініштермен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне қағаз түрінде (Қарағанды қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39), сондай-ақ, электрондық түрде «Е-Otinish» өтініштерді қабылдау және өңдеу платформасы, «Egov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы жүгінуге болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қарағанды облысы
бойынша департаментінің Мемлекеттік
қызмет саласындағы бақылау басқармасының
басшысы
М.Умуркулов