Қаламыздағы жөндеуден өткеніне көп уақыт бола қоймаған кейбір аялдамалар қатты желдің, ара-тура кейбір тұрғындардың жағымсыз әрекеттері салдарынан сынып немесе бүлініп қалғаны көпшілікке белгілі.
Соның ішінде, әр жерінен ойылған аялдама көзге оғаш көрінетін. Бүгіндері мұндай аялдамалар кезең-кезеңімен қалыпқа келтірілуде.
Бүгінде қала ішіндегі 16 аялдама заманауи стилде жаңартылды. Темірден ойылған оюлардың арасында қала атауы да үйлесім тапқан. Көрер көзге де қуаныш сыйлайды.