АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚОМАҚТЫ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚОМАҚТЫ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Наталья Богданова мен оның жаттықтырушысы Дастан Қабденовті қабылданды. Тайландта бокстан өткен Азия чемпионатының финалында  Наталья Богданова турнирдің қожайынын сенімді түрде жеңіп, Азия құрылығындағы  үздік атанды. 

– Бұл тәртіптің, табандылықтың және жеңіске деген ерік-жігердің айқын дәлелі. Естеріңізде болса, өткен жылы Наталья Қытайдағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Оның жаттықтырушысы Дастан Қабденовке бірлескен жұмысы мен спорттық жетістіктері үшін алғысымды білдіремін. Біздің спортшыларымыздың арқасында халықаралық аренада біздің облыс пен елдің имиджі артып келеді. Алда рингте одан да көп жеңістер мен жарқын сәттер болсын. Жаңа биіктерге жетіңіз! – деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Қазір өңірде спорттық инфрақұрылым дамып келеді. Өткен жылы 4 спорт кешені, 3 жабық хоккей корты, 23 шағын футбол алаңы салынды. Биыл ФОК, екі хоккей кешені және жабық бассейн құрылысы жалғасуда.

Нұрсайын ШӘРІП
23.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 137
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 39
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 113

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2162
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2394
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17285
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16007
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19381