«Азия дауысы» қайта оралды

 «Азия дауысы»  қайта оралды

Құрметті достар, «Азия дауысы – 2023» Халықаралық фестивалінің баспасөз орталығына қош келдіңіздер!

2 шілде Алматыда биік таулы «Медеу» мұз айдынында «Азия дауысы» пикнигі ұйымдастырылды. Әсем таудың арасында 28-30 шілде күндері аты аңызға айналған «Азия дауысы» фестивалі жалғасын таппақ. «Азия дауысы» пикнигі шынайы серуенге негізделді. Атап айтатын болсақ, дәмді тағамдар, демеушілер тарапынан көптеген түрлі ойындар мен іс-шаралар (сыйлықтарымен), шеберлік сабақтары, шеберлердің ерекше безендірілген шатырлары, демалыс орындары және ең бастысы - әсем әуен. «Медеу» сахнасында таңның атысынан күннің батысына дейін Алматы қаласында өткен «Жас қанат-2023» жас орындаушылар байқауының қатысушылары мен жүлделі орын иегерлері өнер көрсетті. Қойылым арасында үлкен экраннан «Азия дауысы» фестивалінен бейнероликтер көрсетілді. Ұйымдастырушылар пикник қонақтарымен осыдан 30 жыл бұрын өнер көрсеткен жұлдыздарды еске алды. Халық қосылып ән айтып, би биледі. Бұл - сағынышқа толы сәттер болды! Ал пикник кешін көпшіліктің сүйіктісіне айналған Молданазар, Садраддин және PLEBS тобы тамаша ән шашуларымен қорытындылады. 

 

 

«Азия дауысы» пикнигі – жаңаша көзқараста қайта жалғасын табатын «Азия дауысы» фестивалінің тұсаукесері ретінде аталып өтті. Бұл туралы фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов былай деді:

 

«Біз үшін пикник – өте маңызды оқиғалардың бірі. Жыл басында «Азия дауысы» фестиваліне дайындық барысында «Азия дауысы» халықаралық фестивалі қоғамдық қорының негізін қалаушы және президенті Ирина Ковыряко іс-шараның толық нұсқасын ойластырды. Соның бірі Алматыға кері қайтаруымыз керек болған «Жас қанат» байқауы. Сонымен қатар Азия дауысының символына айналған күн басқан ерлердің бейнесі табылған Таңбалыдағы петроглифтерге саяхат ед. Бұлардың барлығы бір тізбектің буыны. «Азия дауысы» фестивалі мен байқауы 20 жылға жуық уақыт өткізілмеді. Соңғы фестиваль 2004 жылы өтті. Арада ұзақ үзіліс болғандықтан, көп нәрсе ұмытылып кетті. Сондықтан бәрін қайта қалпына келтіруге тура келеді. 

 

Осы тұста фестивальді бастапқыда жасауға атсалысқан Мұрат Ирғалиев және Александр Пономаревпен қайта қарым-қатынас құрып, жұмысты жалғастырамыз. Бұл командамен 2004 жылы жұмыс істеген кезде iPhone, смартфон, iPad, тіпті 5G интернеті де болған жоқ. Яғни, бүгінгідей мүмкіндіктер болмады.

 

Біздің міндетіміз – бар қабілетімізді, мүмкіндігімізді, шығармашылығымызды біріктіре отырып, «Азия дауысын» заман талабына сай етіп дайындап шығу. Бұл - әрине, оңай емес. Біз барлық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз. Осы тұста, 28, 29 және 30 шілде Медеуде өтетін «Азия дауысы» фестивалі көрермен көңілінен шығу үшін бар күшімізді саламыз. Қазір барлық сәт пысықталуда. Мені ерекше қуанышқа бөлеген жайт - алматылықтар мен қала қонақтарының керемет достық көңілі болды. Ал бұл біз үшін маңызды жайт деп айтуға болады. 28 шілдеде өтетін «Азия Дауысы» фестивалінің ашылу салтанаты керемет өтетініне сенімдімін. 

 

 

Фестиваль бұл жолы өзгерістерге толы болмақ. Мәселен, биыл «Азия дауысы» байқауы болмайды. Біз әзірге старт-концерт жасап жатырмыз. Өйткені адамдар байқауға қатысу үшін алдымен Қазақстанда мәдениетті әрі қауіпсіз адамдар тұратынына көз жеткізіп, сенім білдіруі тиіс. Бұл - Азия Дауысының 2023 жылғы басты міндеті. Фестивальдің бірінші күнінде тек қазақстандық өнерпаздар сахнаға шығады. Бұл фестивальдің екінші күні өнер көрсететін Black Eyed Peas тобының концертінен де шулы болып өтетініне сенімдімін. Ал «Азия дауысының» үшінші күні аты аңызға айналған әншілер мен топтарға арналады. Себебі аталмыш күні «Ялла», Юлдуз Усманова, Secret Service өнер көрсетеді. Бірақ жұлдыздар тізімі бұнымен аяқталмайды. Ол үшін хабарламалармызды бақылап отырыңыз!

 

Айтпақшы, «Азия дауысы - 2023» фестивалінің бас серіктесі әрі бірлескен ұйымдастырушысы Halyk Bank болды. Бұл кездейсоқ емес. Себебі биыл Halyk Bank өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтеді. Осы оқиғаға байланысты «100 игі іс» ауқымды акциясын өткізбек. Оның аясында бүкіл ел бойынша әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік маңызды бастамалар жүзеге асып жатыр. «Азия дауысы» фестивалі осы жобалардың маңызды бөлігі болмақ. Өйткені фестиваль Halyk Bank демеушілігімен өтеді.

 

«Азия дауысы - 2023» фестивалінің баспасөз орталығы

04.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 36
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 89
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 28
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 36
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 84
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 89
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 279
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 900

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8978
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8372
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11598
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9356
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10582