Жақында Қытай елінің Маккао қаласында Азия чемпионаты өтті. Оған біздің жерлестеріміз қатысып, қанжығалары майланып келді. Бұл Ушусанда шығыс жекпе-жегінің бір түрі. Ушусанда спортынан жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлде иеленді. Азия құрлығының додасына 20 елден 400-ден аса спортшы қатысқан.
Ушусанда федерациясының бас бапкері Мадияр Байдуллаев – осы Ардагерлер Одағының абыройлы ардагері. Бұл үлкен жетістікке жетуде бапкерлердің еңбегі зор екені белгілі, өйткені 20 жылдан бергі Ушусанда спортынан ең үлкен жетістікке енді қол жетті. Осы жарыста 65 келі салмақта алтын жүлде иегері атанған Бексұлтан Қоскенов Алматы қаласынан болса, 90 келі салмақтағы спортшылар арасында алтын жүлдені жеңіп алған Ернұр Дакибай Қарағанды қаласынан қатысып отыр. Финалда есе жіберіп, 56 келі салмақта күміс жүлдегер атанған Карим Иманжанов пен 52 келі салмақта қола жүлде иегері болған Ислам Иминов, 60 келі салмақта қола жүлдегер Юлтуз Юлдашова Юлтуз, 75 келі салмақтағы қола жүлде иесі Расул Турганжанов Алматы қаласының тумалары болса, 70 келі салмақта қола жүлдені місе тұтқан Карина Исмаилова Алматы облысының түлегі. Иә, бұл Азия біріншілігінде додаға түсіп, алға шығып, жеңіске жетуі біздің спортшыларымызға оңайға түспегені бесенеден белгілі. Әрине, бұл тынымсыз еңбек пен ыстық термен келген жеңіс. Қазақ елінің намысын қорғап, мәртебесін асқақтатқан чемпиондарымызға алғысымыз шексіз!