Б. Сапарбаев: Ең маңыздысы адамның өмірі мен денсаулығы

Б. Сапарбаев: Ең маңыздысы адамның өмірі мен денсаулығы
 0
 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Үдергенов жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

— Ағымдағы жылдың  екі айында облыс автожолдарында 169 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасының саны артқан. Жалпы алғанда жолдарда қауіпсіздіктің жай-күйін белгілейтін негізгі фактор ол көлік жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің тәртіпсіздігі.

Талдау көрсеткендей орын алған жол-көлік оқиғалардың 99 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болып отыр.

Республикалық автожолдарда жүргізілген хронометражға сәйкес, тәулігіне облыс аумағынан 9 мыңға жуық автокөліктер өтуде. Оның ішінде жеңіл автокөліктер саны 7 мың 984-ті құраса, ауыр жүк көліктерінің саны 1 мыңнан асады,-деді Б. Үдергенов.

Оның айтуынша, қалалық патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен құрылған топ күн сайын автобустарда жолаушылармен жол арқылы өту кезінде жол қозғалыс ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың екі айында облыстық Полиция департаментінің патрульдік полициясы және басқа да қызметкерлерімен 7776 жол жүрісі ережесін бұзу фактілері анықталған.

Облыс әкімі құрылған жұмыс тобының қызметін күшейтуді, барлық тиісті органдар мен жергілік биліктің бірігіп әрекет ету қажеттігін баса айтты.

— Ең маңыздысы адамның өмірі мен денсаулығы. Сол үшін жол көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша жүйелі, жан-жақты жұмыстар жүргізілуі керек. Бұған дейін де нақты тапсырмалар берілген. Олардың орындалуын қамтамасыз ету қатаң бақылауда болуы тиіс. Сіздер атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтасыздар, бірақ ол жұмыстардың нәтижесі болмаса, құрғақ сөз кімге керек? — деді Б.Сапарбаев.

Жиында «Қазавтожол» ЖШС облыстық филиалының басшысы Айжан Туғанова  облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау және жөндеу шаралары туралы баяндады.

Жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, «Алматы-Ташкент-Термез» автомобиль жолының бойына мал көп шығатын жерлерге (Меркі ауданында), жолдың оң және сол жақ шетінен 12 шақырым  «Электропастух» ультрадыбыстық желісі орнатылыпты.

Алайда, осы орнатылған қондырғының бірқатар кейбір құралдары белгісіз бұзақылардың тарапынан тоналып кетті. Ағымдағы жылы осындай тонаулар орын алмас үшін темір тормен жабу жоспарлануда.

Аймақ басшысы мал иелерімен түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуді тапсырды.

— Біз ақылды жол жүйесіне көшудеміз. Дегенмен жол ақылы болған соң ол барлық талаптарға сай болуы керек. Арнайы сервистер,  таза санитарлық тораптар, қоқыстың шашылып жатпауы, ұялы байланыстың қолжетімділігі секілді маңызды жайттарға баса назар аударып, мәселелерді шешу бойынша жұмыс істеңіздер. «Сергек», «Автоураган» қондырғыларын пайдалануда нақты  нәтижеге қол жеткізу керек,-деді облыс әкімі.

Облыс әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың менеджері Назима Жұбандықова Полицияның сервистік моделін енгізу мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар, туындаған проблемалық мәселелер және оның шешу жолдары туралы баяндады. Ол жоба жұмысына қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Аймақ басшысы ұсыныстар қолдау табатынын жеткізді.

Жиында қылмыстық-құқық бұзушылықты төмендету, «жас тәртіп сақшысы» жобасын жүзеге асыруды жеделдету, қоғамда, мектептерде үгіт-насихат жұмыстарын күшейту, осы орайда БАҚ-тың мүмкіншілігін барынша пайдалану, учаскелік инспекторлардың өзі қызмет ететін елді мекен аумағында тұруы секілді маңызды мәселелер айтылды.

Сондай-ақ, бұл күні облыстық терроризмге қарсы комиссиясының отырысы да өтті.

Басқосулар соңында Бердібек Сапарбаев жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы
02.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 113
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 148
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 113
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 257
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 260
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 471
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 432

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8529
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11757
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9525
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10737