БӘЙДІБЕКТІК ЖАС ДЕПУТАТ АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІН РЕТТЕУГЕ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУДА

 БӘЙДІБЕКТІК ЖАС ДЕПУТАТ АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІН РЕТТЕУГЕ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУДА
Бәйдібек ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы қарқынды жүргізілуде. Ауданның әрбір елді мекенінің сәулеті мен келбетін бұзатын ғимараттар мен тұрғын үйлердің қас келбетін ретке келтіру, көше бойларын құрылыс материалдардан тазарту, қураған талдарды кесу және әктеу, шарбақтар мен орындықтарды сырлау, арық-атыздар мен каналдарды тазалау, түрлі сәнді ағаштар мен гүлдер егу жұмыстары сынды ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Аудандық мәслихаттың ең жас депутаты, кәсіпкер Бекәділ Нұрғалиұлы аталған акцияға қолдау білдіріп, аудан орталығындағы басты көшелердің бірі Б.Қарашаұлының бойындағы екі тұрғын үйдің шарбақтарын жаңартып берді.
– Осы елдің азаматы ретінде акция аясында ауданның дамуына, көркеюіне өз үлесімді қосып отырмын. Барша жерлестерімді белсене қатысуға шақырамын, – деді жас депутат.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
12.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5407
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20370
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19006
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22470