«БАЙҚАДАМНЫҢ ИНФРОҚҰРЫЛЫМЫ ЕШ ҚАЛАДАН КЕМ ЕМЕС»

«БАЙҚАДАМНЫҢ ИНФРОҚҰРЫЛЫМЫ ЕШ ҚАЛАДАН КЕМ ЕМЕС»

Бұл туралы Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Байқадам ауылдық округінде өткен есепті кездесу жиынында айтты.

Байқадамдық тұрғындармен басқосу өткен жылы жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеуден көрген Саудакент мәдениет үйінде өтті.

Кездесуді аудандық мәслихаттың төрағасы Асанбай Сейналиев жүргізіп, жұмыс регламенті бойынша әуелі сөз кезегін округ әкімі Амантай Назарбековке берді.

Шынында, ауылдық округте өткен жылы атқарлыған жұмыс аз емес. Атап айтқанда, 1971 жылы пайдалануға берілген Саудакент мәдениет үйі жергілікті бюджет есебінен 166 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, бір көше тренажері мен шағын футбол алаңшасы пайдалануға берліген. Сондай-ақ, Саудакент стелласы бой көтеріп, ауыл орталығынан «Жастар аллеясы» ашылды. Аудан әкімі атап өткендей, округтің инфроқұрылымы өзге ауыл-аймақпен салыстырмалы түрде жақсы жолға қойылған. Жалпы, ауыл бойынша 38 көше бар болса, оның 30-на асфальт жабындысы төселіп, қалған 8 көшеге биыл қаржы қаралған. Мұнымен қоса, ауылдың орталық көшелеріне бейнебақылау камералары мен 5 көшеге түнгі жарықшамдар орнатылған.

Округ әкімі Амантай Қалдыбайұлының айтуынша, ауылда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары да жүйелі. Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында «Шалқыма» шаруа қожалығына құны 26, 1 млн. теңгеге электр желісі тартылған. Сондай-ақ, халықты нәтижелі жұмыспен қамту бойынша 61 азамат жеке кәсіп ашу мақсатында қайтарымсыз қаржыға қол жеткізген.

Есептік жиында аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы аталған ауылдық округте бірқатар шешімін күткен мәселелерді қамти отырып, аудан бойынша атқарылған ауқымды жұмыстарды кеңірек баяндады.

Кездесудің күн тәртібіне сай, аудан басшысы мен ауыл әкімінің бірлескен есебінен соң, жиынға қатысқан ауыл тұрғындары жарыссөзге көшті. Әуелі сөзді ауданның Құрметті азаматы, ауыл тұрғыны Алтын Досжанова алып, әкім есебіне қанағаттанарлық баға берді. Сондай-ақ, есепті жиында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Арқабай Төлмағанбетов пен мемлекеттік қызмет саласының ардагері Марқаш Мизенбаев та әкімдердің жыл ішінде атқарған жұмыстарына көңілдері толатынын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Кездесуде тұрғындарың ұсыныс-ойы мен талап-тілегі де тыңдалды. Мәселен, аудандық мәслихат депутаты Ержан Көлбаев ауылға «Жастар орталығы» қажеттігін айтып, осы ретте ауыл орталығында бос тұрғын «Қазпошта» мекемесінің ғимаратын осы мақсатта тиімді пайдалануға болатындығын айтты. Сондай-ақ, жарыссөзге шыққан ауыл тұрғыны Дүйсенбек Пернебаев пен қоғам белсендісі Нұржан Есмаханов Саудакент – Жаңатас тас жолы бойындағы «Ықылас Дүкенұлы» кесенесіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, орталық стадион аумағын мемлекет меншігіне қайтару қажеттігін, мұнымен қоса, ауыл іргесіндегі Туберкулезге қарсы бұрынғы диспансер ғимаратын алпауыт кәсіпорындарға беріп, санаторийге айналдыру қажеттігін алға тартты

Ұсыныс-пікірлерді тыңдаған аудан басшысы, бірінші мәселе бойынша яғни, «Жастар орталығы» алдағы уақытта Жаңатас қаласында бой көтеретіндігін айтып, көпшілікті бір қуантып қойды. Ал, ертеректе жеке меншікке өтіп кеткен ауылдағы орталық стадионды мемлекет балансына қайтару бойынша сот процесі жүріп жатқандығын жеткізді. Ал, ауыл ішінде бос тұрған ғимараттар алдағы уақытта ел игіліне берілетіндігін айтты.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 275
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 493
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756