Бәйтеректегі берекелі істер

Бәйтеректегі берекелі істер

Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданының кәсіпкерлері ауыл-аймақтың өркендеуіне, тұрғындардың тұрмысын жақсартуға барынша қолұшын созып келеді.

Солардың бірі – Бәйтерек ауданының «Құрметті азаматы», «Достық» шаруа қожалығының басшысы, ірі меценат Владимир Шевчук. Кәсіпкер Раздольный ауылындағы «Фельдшерлік-акушерлік пункт» ғимаратының жаңаруына өз септігін тигізді. Нәтижесінде ауылдықтар ерекше қуанышқа кенелгенін атап өткен жөн. 

Аудан әкімдігі берген мәліметке сүйенсек, емделушілерге алғашқы медициналық көмек көрсететін мекеменің ғимараты меценаттың көмегімен күрделі жөндеуден өтіпті. Яғни, ғимараттың есік-терезесін жаңартуға, төбесі мен еденін ауыстыруға, электр және жылу жүйелерін жаңалауға, іші-сыртын әктеп-сылауға, қоршауын салып, жаңа жылу қазандығын орнатуға, су тартып, насос қондыруға кәсіпкер 22 млн. теңге демеушілік жасаған.

Күрделі жөндеуден өткен ғимараттың ашылу салтанатына қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасқан Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов «Достық» шаруа қожалығының басшысы Владимир Васильевичке сый-сияпат ұсынып, «Фельдшерлік-акушерлік пункт»  ұжымына жаңа компьютер сыйға тартқан.

Сондай-ақ Республика күні қарсаңында жергілікті меценат Қайыржан Киргенев «Атамекен» ауылының тұрғындарына балалар ойын алаңы мен спорттық алаңдарды сыйға тартқан. Жоба құны – 68 млн теңгені құраған.

Адал еңбекпен тапқан несібелерін халқымен бөліскен жомарт азаматтардың мұндай қайырымды істеріне еріксіз сүйсініп, көңілің қуанышқа бөленеді. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
27.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 83
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 91
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 389

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18289
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18149
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33340
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31890
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35633