Осы ауылдың тұрғыны Кенжекүл Тохтахунова ата-анасынан айырылған 4 немересін тәрбиелеп отырған кейуана болатын. Олардың баспаналы болу арманы балалар күні қарсаңында орындалып отыр.
Ауыл азаматтары мен аудан тұрғындары, Бөлтірік ауылындағы ағайындар ақша жинап ауыл ішінен көгілдір отынға қосылған, ыстық суы бар аядай үйдің кілтін табыс етті.
Қоныс тойға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Батиханұлы қатысып, әже мен оның балаларын қуаныштарымен құттықтады.
Ауылдық аксақалдар кенесінің төрағасы Болат Қайранов та сөз алып, символикалық кілтті көпшілік көзінше табыстады.
Үйлі болған Кенжекүл Тохтахунова қайырымды жандарға алғысын айтып, ризашылық сезімін жеткізді.
Әдеттегідей шашу шашылып, ауыл тұрғындары мәре-сәре болды.