Биыл аудан орталығы Жаңатас қаласының 55 жылдығы қарсаңында қаланың көркіне көрік қосатын нысандарға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Олардың қатарында Жаңатас қаласының орталығындағы балалар саябағы, Орталық алаң, Сағындықов көшесінің бойындағы неке қию алаңы т.б нысандар бар.
Аудан әкімі Сәкен Мамытов Жаңатас қаласының орталығындағы балалар саябағында болып, құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты ескертпелер айтып, жауапты тұлғаларға, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматтарға тиісті тапсырмалар берді.
Жақын күндері балалар саябағы да қаланың ажарын ашып, балалардың асыр салып ойнап, тұрғындардың дем алатын орнына айналатын болады.