БАЛАЛАР ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

БАЛАЛАР ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

 Астана қаласында Чехия, Хорватия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдердің халықаралық сарапшыларының қатысуымен «Қазақстандағы балалар жылы: балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, түйінді сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» конференциясы өтті. Оған БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), Парламент, үкіметтік емес ұйымдар, бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, педагогтер, ата-аналар және балалар өкілдері қатысты.

 

Конференцияға қатысушыларды Білім министрі Асхат Аймағамбетов құттықтау сөзімен қарсы алды. Ол қатысушыларға балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенділігі мен үлесі үшін алғыс білдіріп, Қазақстандағы Балалар жылын қорытындылады. Сондай-ақ, балалық шақтың өзекті мәселелерін шешудегі одан әрі жүзеге асырылатын іс-қимылдар мен тәсілдер қарастырылды.

 

«Еліміздің Президенті 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Бұл мемлекеттің өскелең ұрпаққа маңызды көңіл бөлу және еліміздің болашағына қамқорлық жасау деңгейін көрсетеді. Балалар еліміздегі халықтың үштен бір бөлігін құрайды. Балалар жылы ішінде білім беру ұйымдарында балалардың тамақтануын жақсарту бойынша шаралар қабылданды. Тамақтану сапасын күшейту, тамақтану құнын реттеу, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу бөлігінде Тамақтануды ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Мектептегі тамақтануды қоғамдық бақылау жандандырылды. Маңызды бағыттардың бірі – қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою үшін Елбасының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы әзірленді. Бағдарламаға сәйкес қалалар мен ауылдарда 800 мыңнан астам жаңа оқушы орындарына 401 мектеп салынады», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

11.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 622
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 740
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 652
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 661

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410