«Балалар жылының» жеңімпаздары

«Балалар жылының»  жеңімпаздары

Батыс Қазақстан облысында «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған «BILIM HIGH» телевизиялық зияткерлік жобасы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

Облыстық білім басқармасы мен жергілікті «AQJAYIQ» телеарнасы бірлесе қолға алған жобаның мақсаты – оқушылардың зияткерлік дамуына және тұлғалық қалыптасуына ықпал ету, коммуникативтік және зерттеу құзыреттілігін дамыту, оқуға деген ынтасын арттыру. Білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаға білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары, яғни әрқайсысы 4 қатысушыдан құралған 16 команда тартылған. Телевизиялық жоба бойынша жалпы саны 15 бағдарлама түсіріліп, биылғы 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында аптасына бір рет көгілдір экраннан көрсетіліп келген. 

Жобаның финалдық ойыны 9 қыркүйек күні Оралдағы «Атамекен» өнер орталығында өткізіліп, оған Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев қатысты. Алдымен құттықтау сөз алған облыс басшысы мұндай жобалар балалардың жан-жақты қырларын жетілдіреріне сенім білдірді. 

– Мен бұл жобаны көре отырып, «Білім марафоны», «Эрудит», «Аламан» кезеңдерінде риторикалық-логикалық ойлау қабілеттерімен ерекшеленген балаларды байқадым. Сондай-ақ мені оқушылардың жалпы дүниежүзілік, ұлттық мәдени-тарихи деректер бойынша білімдерінің тереңдігі қуантты. Осындай жобалар оқушылар арасында білімге деген қызығушылықты арттырып, білім платформасындағы бәсекелестікті күшейтуге ықпалын тигізеді деп ойлаймын, – деген Ғали Нәжімеденұлы сайысқа қатысушылардың барлығы да жеңімпаз болуға лайықты екенін жеткізді. 

Бұдан әрі бағдарламалар барысында үздік ойын нәтижесін көрсеткен қос команда («West Trend»және «Білім-инновация лицейі») финалдық ойында бақтарын сынады. Ойыннан соң төрешілердің шешімі бойынша «West Trend» командасы жеңімпаз атанса, екінші және үшінші орындарды «Білім-инновация лицейі» мен Қаратөбе ауданының командалары өзара бөлісті.

 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 19
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 157
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9034
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8430
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11658
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9413
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10639