Балаларды оңалту орталығы ашылмақ

Балаларды оңалту орталығы ашылмақ

Таяуда Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы перинаталдық орталық базасында ерте араласу нысаны ашылады. Жаңа орталықта облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов болып, болашақ нысанның дайындық жағдайымен танысты. Орталықты күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен қаржы бөлінді, ал  «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларының қолдауымен қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Мұнда әртүрлі патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балалар соңғы технологияларды қолдану арқылы оңалтудан өтеді. Орталықта оңалтуға арналған 15 төсек-орын бар. Күндізгі стационарда жыл сайын 360 бала оңалтудан өтеді.

Мамандардың айтуынша, әр баланың жеке жоспары болады. Көмекті невропатолог, реабилитолог, педиатр, невролог, эрготерапевт, психолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, дефектолог пен логопед мамандары көрсетеді.

Сонымен қатар, «Қамқорлық» бастамасы аясында облыстық балалар ауруханасында оңалту орталығын жаңғырту жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру ортаға ерекше қажеттіліктері бар балаларды бейімдеуге және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін  ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Нұрсайын ШӘРІП
02.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан республикалық акциясы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 6
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 28.04.2024 7
Бірлік жарысы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 5
Тараз таза қала
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 5

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1086
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7131
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10982
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7196
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7340