Балаларға қуаныш сыйлаған мереке

Балаларға қуаныш сыйлаған мереке

Ағымдағы жылдың 30 мамыры, сенбі күні Қонаев қаласындағы «FAMILY PARK» ойын-сауық кешенінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы облысы Полиция департаменті мен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ бірлесіп, «Қазақстандағы зорлық-зомбылықсыз отбасы» республикалық акциясы аясында ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға қолдау көрсету, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қамқорлық пен мейірімнің маңызын сезіндіру болды. Өйткені әрбір бала бақытты балалық шаққа, қауіпсіз ортада өсіп-жетілуге және өз болашағына сеніммен қарауға лайық.

Іс-шараға «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ қарасты «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығында» уақытша орналастырылған отбасылардың 3 жастан 11 жасқа дейінгі 25 баласы қатысты. 2023 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе оның қаупіне тап болған әйелдер мен балаларға психологиялық, заңгерлік, әлеуметтік және медициналық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарымен және өзге де мекемелермен өзара іс-қимыл жасауға қажетті көмек беріледі. Орталық 50 орынға арналған және барлық қызметтер құпиялылық қағидаты сақтала отырып, тегін ұсынылады.

Күні бойы жалғасқан мерекелік бағдарлама балалар үшін ұмытылмас әсерге толы болды. Бүлдіршіндер ойын-сауық кешеніндегі түрлі аттракциондарда көңіл көтеріп, қызықты ойындарға қатысып, шаттыққа кенелді. Сонымен қатар, балаларға арнайы түскі ас ұйымдастырылып, мерекелік дастарқан жайылды. 

Балалармен бірге уақыт өткізген полиция қызметкерлері мен орталық мамандары олардың қуанышына ортақтасып, жылы қарым-қатынас пен қамқорлық танытты. Мұндай шаралар балалардың өздерін қауіпсіз әрі сенімді ортада сезінуіне, қоғам тарапынан қолдау бар екенін түсінуіне мүмкіндік береді.

Ерекше қолдауды қажет ететін балалар үшін қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға Алматы облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі А.Е. Тастанбеков, Қонаев қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Р.Т. Нұрмамбетов пен демеушілік көрсеткен «FAMILY PARK» ойын-сауық кешенінің басшылығы ат салысты.

Шара барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі тек қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтардың алдын алумен шектелмейтіні айқын көрінді. Олар адам тағдырына бейжай қарамайтын жанашырлықтың, қамқорлық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Балаларға көрсетілген ықылас пен мейірім олардың жүрегінде ұзақ сақталатын жарқын естелікке айналды.

Балалар – еліміздің ертеңі, қоғамымыздың ең қымбат байлығы. Сондықтан олардың әр күні қуанышқа, әр сәті мейірім мен қамқорлыққа толы болуы тиіс. Баланың шат күлкісі мен бақытты жүзінен асқан құндылық жоқ. Осындай игі шаралар қоғамдағы адамгершілік пен ізгіліктің айқын көрінісі болып, балаларға деген қамқорлықтың нақты үлгісі. Балалардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету, оларды қорғап, қолдау көрсету – баршамызға ортақ міндет әрі азаматтық парыз екенін ұмыстпайық!

 

Алматы облысы Полиция департаментінің 

Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының 

бастығы, полиция полковнигі 

Н.С.Кунтунов 

 

Материалды әзірлеген Ә.Фазылова

01.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25514
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24989
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42406
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38258
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42773