”Баласағұн” орталық концерт залында Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен ашылды.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев абыройлы азаматтарды мерекелерімен құттықтады. Жиын соңы К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерттік бағдарламасына ұласты.