БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетті

БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетті

28 маусым күні атап өтілген бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов өңірдегі сала өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұл күні толассыз құттықтаулар мен айрықша құрметке ие болған сала қызметкерлерінің меншікті мерекесі Орал қалалық әкімдігі ұйымдастырған мерекелік кешпен жалғасты. Мейрамханада өздеріне арнап жайылған мерекелік дастарханда бас қосқан әріптестер керемет сәттің куәсі болды. Мерекелік іс-шараға қалалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының ұжымдары және республикалық телеарналар мен газеттердің облыстағы меншікті тілшілерінің қосыны жиналды.

Салтанатты рәсіммен басталған кеште қалам иелері мен осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлы: 

– Алаш қайраткері Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» деген екен. Сондықтан мен әртүрлі жаңа идеялардың ұйытқысы болып, ең үлкен істер атқарып жүрген журналистер қауымы қандай құрметке де лайықты деп білемін. Біздің қаламыздағы баспасөз тарихы тереңнен басталатыны баршаңызға мәлім. Бүгінгі таңда да халыққа сапалы әрі дұрыс ақпаратты жедел жеткізуге атсалысып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының әрқайсысының өз орны бар. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, – дей келе, сала өкілдеріне шығармашылық табыс пен отбасы амандығын тіледі. Бұдан әрі облыс орталығында атқарылып жатқан жұмыстарды жария етіп, тарихи шаһарымыздың тынысынан халықты хабардар етіп жүрген бір топ сала қызметкерлерін марапаттады.

Өз кезегінде БАҚ өкілдері де әріптестерін құттықтап, мереке иелеріне осындай құрмет көрсеткен қала басшысына ризашылықтарын жеткізді. Журналистер үнемі қарбалас жұмыс үстінде болып, өзінің емес, өзгелердің мұң-мұқтажын күйттеп жүретіні жасырын емес. Бұл күні де тынымсыз тірлікпен айналыса жүріп, айрықша құрмет-қошеметке бөленетін сала өкілдері үшін кәсіби мерекенің орны бөлек. 

Әдемі кеште оралдық көркемөнерпаздар әсем әндерін әуелетіп, мереке иелеріне жақсы көңіл күй сыйлады. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 836
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6910
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10750
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6979
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7120