«Бақты – Аягөз» теміржол жобасы іске асырылады

 «Бақты – Аягөз» теміржол жобасы іске асырылады

Абай облысында көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы ірі жобалардың бірі – «Бақты – Аягөз» теміржол құрылысының жүзеге асырылу барысы қаралды. Осыған орай облыс әкімі Берік Уәли «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Алдабергеновпен кездесті.

Жиынға өңірдегі салалық басқарма басшылары, Аягөз, Үржар және Мақаншы аудандарының әкімдері, сондай-ақ мердігер ұйымдардың өкілдері қатысып, теміржол құрылысы мен облыстағы вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жан-жақты талқыланды.

«Бақты – Аягөз» теміржол желісі Абай облысы үшін стратегиялық маңызы зор жобалардың бірі саналады. Оның іске асырылуы өңір экономикасына тың серпін беріп, 1200 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, бұл бастама еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, халықаралық көлік дәліздерінің дамуына ықпал етеді.

Жиын барысында облыс әкімі жобаның өңір мен ел экономикасындағы рөліне тоқталды.

«Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Жалпы алғанда, «Бақты – Аягөз» теміржол желісі Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өткізу қабілетін 28 млн тоннадан шамамен 48 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, оңтүстік бағыттағы өткізу бекеттеріне түсетін жүктемені азайтуға және қосымша транзиттік көлемдерді тартуға мүмкіндік береді», – деді Берік Уәли.

Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өңірде бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, өткен жылдан бері Семей қаласында және Аягөз, Шар, Ақтоғай, Жалаңашкөл, Дегелең, Үшбиік, Жарма, Белағаш, Ауыл елді мекендерінде 10 теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

Кездесу қорытындысында тараптар жобаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы орындау, теміржол инфрақұрылымын одан әрі дамыту және өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде келісімге келді.

Сәруар ҚАБДОЛЛА
30.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25301
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24799
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42571