Барлығы да балалар үшін

Барлығы да балалар үшін

Атырау қаласында 15 спорт нысаны салынады. Спорт және балалар ойын алаңы Геолог, Балауса, Елшібек, Сарықамыс, Байтақ, Өркен, Жерұйық, Бірлік, Сарыөзек, Көкарна ықшамаудандарында салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Атырау қалалық құрылыс бөлімінің жобалау-сметалық құжаттама секторының меңгерушісі Арман Абдоловтың айтуынша, құрылыс шілденің аяғында басталады.

– Қазіргі уақытта аталған құрылыстарға жобалау-сметалық құжаттама жасалды. Конкурс жарияланып, бес мердігер мекеме жеңімпаз атанды. Аталған елді мекендерге футбол, баскетбол, воркаут алаңдарын салу жоспарланған. Сондай-ақ вандализмнің алдын алу үшін құрылысқа жоғары сапалы материалдар пайдаланылады. Жоспар бойынша қазанда қолданысқа беріледі, – деді А.Абдолов.

Бұған дейін Қайыршақты, Дамба, Талғайран, Алмалы елді мекендерінде спорт және ойын алаңдары ел игілігіне берілді.

 

Шаргүл Қасымханқызы
24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 244
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 314
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 267
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 303

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5721