Бартоғай және Күрті су қоймаларындағы жөндеу жұмыстары мен Шелек өзенін тазарту: Алматы облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр

Бартоғай және Күрті су қоймаларындағы жөндеу жұмыстары мен Шелек өзенін тазарту: Алматы облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр

Вегетация және су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы өз қарауындағы су шаруашылығы нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргізді.

 2025 жылы Бартоғай су қоймасында конустық ысырмалар жөнделіп, резеңке тығыздағыштар ауыстырылды. Үлкен Алматы каналының бас торабында және Шелек су торабында бұрандалы көтергіштер мен болат арқандар жаңартылды. Күрті су қоймасында бөгеттің жоғарғы еңісі бетонмен қапталды. Тасқұтан су көтеру бөгетінде каналдар арасындағы аумақтарға топырақ төселді. Сондай-ақ Бартоғай су қоймасы, Үлкен Алматы каналының бас торабы және Шелек су торабы маңындағы Шелек өзенінің арнасы тазартылды.

 Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында биыл Күрті өзенінің жағалау бөлігі бекітілді. Қазіргі таңда «Қорам» магистральдық каналында механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Жыл соңына дейін Бартоғай су қоймасында конустық ысырмаларды жөндеу және резеңке тығыздағыштарды ауыстыру, Шелек су торабында бұрандалы көтергішті жаңарту, сондай-ақ Бартоғай су қоймасы, Үлкен Алматы каналының бас торабы және Шелек су торабы маңындағы Шелек өзенінің арнасын тазалау жоспарланған.

 «Қазіргі уақытта филиал қарауындағы барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Су тасқынына қарсы іс-шараларға қажетті жанар-жағармай және инертті материалдар қоры дайындалды. Сонымен қатар экскаваторлар, тиегіштер және жүк самосвалдарын қоса алғанда 18 техника әзірленді», – деді «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры Қайрат Бисембаев.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

04.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Қандастарымыздың оралуына зор тосқауыл қоятын пилоттық жоба қайта қаралуы тиіс!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.02.2026 476
Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 247
Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 321

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23717
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23370
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40124
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36839
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41039