Бас қалада басқаларға үлгі болар істер көп

Бас қалада басқаларға үлгі болар істер көп

Елордамызда Мемлекет басшысының Өңірлерді дамыту тапсырмасына сай атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Сондай-ақ бас қаламызда әртүрлі салаларда орын алып жатқан дамушылықтардың өзге аймақтарға үлгі боларлықтай тұстары бар екендігін баса айтқан жөн. Қазіргі таңда Астана қаласында көптеген ірі жобалар жүзеге асырылып, инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қарыштап дамып келе жатыр.

Осыдан бірнеше күн бұрын ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге қаладағы салынып жатқан мектеп, балабақша, Оқушылар сарайы, медицина орталығы, спорт залы сынды бірқатар маңызды нысандарды аралап көріп, ризашылығын білдірген еді.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен игі істер жайлы қысқаша шолу жасап өтіпті. Шаһар басшысы ең әуелі бірнеше жылдан бері тұрғындарға тиімділігін көрсетіп келе жатқан JOLTAP жобасына тоқталып өткен екен.

«Осындай жобалардың бірі – JOLTAP, ол елордада 2023 жылдың күзінде бастау алды. Бұл жоба азаматтарға жаңа мамандықтарды тегін меңгеруге, өз ісін ашуға, жұмыс табуға және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Осы кезең ішінде 13 мыңға жуық адам оқудан өтті. Оқыту 11 жұмыс мамандығы бойынша (тігінші, модельер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, сатушы-кассир, электргазбен дәнекерлеуші, бариста, аяқ киім жөндеу, кілт жасау және т.б.), сол сияқты 7 цифрлық дағды бойынша (SMM, веб-сайт жасау, видеомонтаж, графикалық дизайн, мобилография, базалық цифрлық дағдылар, таргет) жүріп жатыр.

2025 жылы жұмысшы мамандықтар бойынша тағы 5,3 мың адамды, ал цифрлық дағдылар бойынша 2,7 мың адамды оқыту жоспарланған. Сонымен қатар, жұмыс іздеушілерді жұмыс берушілермен және тапсырыс берушілермен байланыстыратын «JUMYSTAP» сервистік платформасы жұмыс істейді. Жобаға қаланың негізгі желілік және ірі жұмыс берушілері жұмылдырылған.

«JOLTAP» жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр және жұмыспен қамту саласындағы қолданыстағы шараларды толықтырады» деп жазды Жеңіс Қасымбек мырза.

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен қала әкімі бұдан ары қарай «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығына барды. Халыққа жасалып жатқан қамқорлықтың бірі осындай ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған орталықтар екені белгілі. Аталмыш орталық әкімдіктің қолдауымен 2023 жылдың сәуірінде (Достық көшесі, 13) ашылған. Орталықта балалармен жұмыс істеуге арналған 13 кабинет жабдықталған, ата-аналар үшін 3 күту аймағы қарастырылған. Қазіргі уақытта орталықта 20 педагог 6 интервенциялық бағдарлама бойынша тегін қызмет көрсетеді. Бұл бағдарламалар балалардың әлеуметтік, оқу, тұрмыстық және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, 0-3 жас аралығындағы балаларға арналған ерте қолдау курсы да бар.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
12.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14162
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14102
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29248
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27890
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31411