Ағымдағы жылдың 22 мамырында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында салаға қатысты баспасөз мәслихатын өткіздік.
Кездесу барысында бірнеше сұрақтарға жауаптар берілді.
Атап айтқанда, Т.Рысқұлов ауданындағы жер дауы, «Тасөткел» су қоймасының құрылысы және таңқурай көшеттерін сатып алғаны үшін заңсыз төленген субсидияға қатысты сұрақтар болды.
Жер дауының басым көпшілігі 90-шы жылдары шаруашылықтардан жер үлестерін алған тұрғындардың, олардың мұрагерлерінің жер пайдалануға құқықтарын уақытында толық рәсімдемегенінен немесе рәсімдеместен үшінші тұлғаға беріп жібергендігінен орын алған.
Бұл мәселе бойынша бірқатар іс сотта қаралуда.
«Тасөткел» су қоймасының жөндеу жұмыстары аяғына дейін жеткізіледі. Қазір жұмыстардың басым көпшілігі жасалды.
Жұмыс барысындағы кемшіліктер үшін мердігерге тиісті шаралар қолданылды.
Жиналған суды үнемдеп пайдаланса, суғару маусымының аяғына дейін жеткізуге болады.
Таңқурай көшеттерін сатып алғаны үшін 2021 жылы шаруаларға 188,6 млн. теңге төленген.
Ал, 2022-2023 жылдары таңқурайдың элиталық көшеттерін субсидиялау бойынша шаруашылықтардан заңды өтінім түспегендіктен бұл бағытта қаржы жұмсалмаған.
Жалпы мемлекеттік қолдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін субсидия алған шаруалардың тізімін аудандар бөлінісінде жариялап отыруды тәжірибеге енгізу жоспарлануда.