БАТЫР АТЫНДАҒЫ АУЫЛДА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

БАТЫР АТЫНДАҒЫ АУЫЛДА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен іске асырылып жатқан еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құруға бейімделуде.

Осындай мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар мемлекеттік бағдарламалар, ауылдық округтің әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Ұсынылған бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру нәтижесінде округтің әл-ауқаты артып, халықтың тұрмысы түзелуде.

Б.Момышұлы ауылында 83 көше, 3070 аула, 14870 тұрғын тіркелген, оның ішінде: қазақтар -12909, орыстар -1139, басқа ұлттар – 822 құрайды. Тұрғындар ішінде: 478 мүгедек, 1382 зейнеткер, 10 — ауған соғысы, Семей полигонында және Чернобыль апатына қатынасқан — 36 ардагерлеріміз бар. Үй шаруашылық есепке алу кітабы бойынша тұрғындарды аралап есепке алу, нақтылау жұмыстары, тиісінше жылына екі рет жүргізіліп тұрады.

Ауыл әкімі аппаратында тұрғындарға тұрғылықты жері, жанұя құрамы және тағы да басқа – 1422 анықтама қажетті орындарға берілді.

          Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, іс құжаттармен жұмыс бойынша тоқталып өтсек: ауыл әкiмi аппаратына жеке, заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 410, ал мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша -36 өтініш, жеке қабылдау бойынша 24 өтініш қабылданып, барлығына заңға сәйкес жауап берiлуде. Жоғары тұрған органдар мен басқа да мекеме, ұйымдардан -419 әртүрлі мақсатты хаттар түсіп, хаттарға тиісінше жауаптары берілді. Барлығы 362- өкiм, 253- шешiмдер қабылданды.

Ауыл шаруашылығана арналған жерді игеру бойынша

Б.Момышұлы ауылына қарасты ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалануға 25 шаруа қожалығы тіркелген, барлығы мақсатына сай пайдаланылуда.

2022 жылдың өніміне егілген: 95 га күздік бидайдан гектарына 26 центнерден, 365 га. жаздық арпадан гектарына 21,6 центнерден, 150 га мақсарыдан гектарына 9,1 центнерден, 2 га сәбіз гектарына 240 центнерден, 16 га. қырықабат гектарына 24 центнерден орташа өнім  жиналды. 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ауылшаруашылық техникасын жаңарту бойынша жоспар-12, орындалғаны 12.

Ауылдағы өнеркәсіп және индустрияландырумен айналысып отырған кәсіпкерлерімізге тоқталатын болсақ:

«AQMOL 2025» ЖШС-гі Жалпы құны 173млн 500 мың теңгені құрайтын 267 тонна сүт өнімдерін шығаруда. Жобалық қуаттылығы тәулігне 40 тонна, өндіреді,  2022 жылы кәсіпорында 25 адам тұрақты жұмыс атқарады, жалпы орташа жалақысы 105 мың теңге.  Шығарған өнімдері Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларына тасымалдануда.

«АгроАзықтүлікнанменжабдықтау» ЖШС негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен, оның ішінде өсімдік майын шығарумен айналысады. 2006 жылы құрылған, жобалық қуаттылығы тәулігіне 54 тонна мақсары майын, 182 тонна жмых өңдейді .  Қазіргі уақытта кәсіпорында 16 адам тұрақты жұмыс атқарады, орташа жалақысы 70 мың теңге. Өндірген өнімдері Қытай, Бельгия мемлекеттеріне сатылуда.

«СМТС» ЖШС-гі жалпы  78 тонна өнім өндіріп 110 млн  210 мың теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы жылына 10 000 тонна, сары май, брынза, моцарелла, қатты ірімшік, сулугуни, чечил өндіреді,  Қазіргі уақытта кәсіпорында 6 адам тұрақты жұмыс атқарады, жалақысы 60 мың теңге. Өнімдері Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларына сатылуда.

«Бурное сүт компаниясы» ЖШС-гі  жалпы 30 000 тонна өнім өндіріліп, құны 3 млрд 100 млн. теңгені құрайды  2014 жылы құрылған.  Сүт, сары май, брынза, моцарелла, қатты ірімшік, сулугуни, чечил өндіреді,  Қазіргі уақытта кәсіпорында 127 адам тұрақты жұмыс атқарады, жалақысы 76  мың теңге.  Өнімдері Россия және Қазақстан бойынша  сатылуда.

«LF company» ЖШС-гі жалпы тәулігіне 5-7 тонна сүт өнімдерін өндіреді, оның ішінде ашытылған сүт өнімдері, ірімшіктер мен майлар, айран, құрт. 2019 жылы құрылып, 16 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Орташа жалақы 80 мың теңге. Өнімдері Алматы, Тараз қалаларында сатылуда.

Жк «Бірге» сүт өңдеу цехы. Тәулігіне 3тонна сүт өнімдерін өндіреді. 2021 жылы құрылған, 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Өндірілетін өнім түрлері:табиғи ірімшік, сары май, құрт, йогурт, брынза.  Орташа жалақы 70 мың теңге. Өнімдері Алматы, Тараз қалаларында сатылуда.

ЖК «Нысанов М.» сүт өңдеу цехы. Тәулігіне 2тонна сүт өнімдерін өндіруде. 2021 жылы құрылған, 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Өнімдері. Табиғи ірімшік, сары май, құрт. Орташа жалақысы 70 мың теңге. Өнімдері аудан аумағындағы дүкендер, Алматы, Тараз қалаларында сатылуда.

«Бурненское сырное компания» АӨК сүт өңдеу цехы. Тәулігіне 8 тонна сүт өнімдерін өндіруде. Өнім түрлері:табиғи ірімшік, сары май. 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Орташа жалақы 80мың теңге. Өнімдері Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларында сатылуда.

Мал шаруашылығы:

Жалпы  шаруа қожалықтарда МІҚ мал 289 бас, ұсақ малдар 2318 бас, жылқы 119 бас, елді мекен үй шаруашылықтарда МІҚ 1718 бас, ұсақ малдар 5387 бас, жылқы 522 бас, үй құстары 7985 дана тіркелген. Асылтұқымды МІҚ малы жоспар бойынша 11, орындалғаны 142 бас; асылтұқымды ұсақ малы жоспар бойынша 210, орындалғаны 193 бас.

Етті экспорттау бойынша:

Бауыржан Момышұлы ауылы бойынша жыл сайын ірі қара ет экспортына 1 тонна ет өткізілді.

Кәсіпкерлікке тоқталатын болсақ, ауылда 130 дүкен, 23 кафе, 10 дәріхана, 4 тіс емханасы, 30 сұлулық салоны және шаштараз, 7- мейрамхана, 6 базар, 7 жанар-жағар май құю стансасы, 6 желімдеу орындары, 3 сурет салоны, 10 ломбард, 5 наубайхана, 5 асхана, 5 тігін цехы, 7 пескоблок шығаратын орын, 3 монша, 5 ветеринариялық дәріхана, 2 қонақ үй, 41 әр түрлі қызмет көрсету орындары бар, барлығы аудан тұрғындарына қызметтерін көрсетіп, аудан экономикасын дамытуға атсалысуда. Кәсіпкерлік нысандар саны 2021 жылмен салыстырғанда 4%ға көтеріліп отыр.

Халықты жұмыспен қамту бойынша

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «2021-2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жобаны», 2022 жылы атқарылған жұмыстар:

Тұрақты жұмыспен қамтылған жоспар бойынша –279, орындалғаны – 325.

І-ші бағыты: «Қысқа мерзімді кәсіпкерлік оқуды ұйымдастыру» жоспар 26 адам, оқытылғаны- 12 азамат  түрлі мамандықтар бойынша оқуға жолдама беріліп, оқуға жіберілді;

ІІ-бағыты: «кәсіпкерлікті ынталандыру» бойынша. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқыту  жоспары 70 адам, 268 азамат оқуларын аяқтады;

ІІІ–бағыты:

— Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жоспар 49 адам, орындалғаны 81 адам;

-Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жоспар 200 адам, орындалғаны 195 адам;

— Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша  жоспар 30 адам, орындалғаны 47 адам.

— Қайтарымсыз негізде берілген мемлекеттік грантты 60 азамат 1 225 200 теңге алып, өз кәсіптерін ашуда.

Зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасын енгізу: жоспар-3; нақты-9 азамат.

«Бірінші жұмыс орны» жобасын іске асыру: жоспар 1, орындалған-5.

Жұмыссыздарды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқыту: жоспар-6, нақты-15 азамат.

«Еңбек.кз» платформасында талап етілетін дағдыларға онлайн оқытуды ұйымдастыру: жоспар-7, нақты-7 азамат.

Көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапаттауға ұсынуға жыл басынан 10 құжат қабылданып тиісті орындарға жолданды. Нәтижесінде көп балалы 3 ана алтын алқамен, 6 ана күміс алқамен марапатталып, бүгінгі күнге ауыл бойынша 117 «Алтын алқа», 180 «Күміс алқа» алған аналар бар.

 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердіжинау бойынша:

Ауыл әкімі аппараты салықтың-5 түрімен жұмыстар ұйымдастырылады 2022 жылдың 12 айында жеке тұлғалардың мүлiк салығының жоспары 1млн 126 мың теңге,  орындалғаны  1126,8 мың теңге. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығының жоспары-3800,0 мың теңге, орындалғаны- 4107,9мың теңге. Жеке тұлғалардан көлік салығы 40781,0 мың теңге, орындалғаны  39859,4 мың теңге. Заңды тұлғалардың көлік салығының жоспары 1210,0 мың теңге, орындалғаны 1210,0 мың теңгені құрап орындалды.   Сыртқы көрнекі жарнама – 220 мың теңге, орындалғаны 394,6 мың теңге.

Барлық салық түрінен  47 млн 197,0 мың теңгеге жоспарланып, орындалғаны  47 млн 390,6 мың  теңгені құрап, кірісіміз 101 %  орындалды.

Әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар туралы:

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қ.Р-ның Заңына сәйкес 2022 жылдың басынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке үміткер отбасыларға зерделеу актісі мен қорытындылар жазылды.

Б.Момышұлы ауылы бойынша 2022 жылдың 12 айы бойынша 1982 адамы бар 383 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы соммасы 163млн 237мың теңге төленді.

Қайырымдылық көмектер туралы:

         Аналар мен қыздар мерекесіне орай көп балалы және аз қамтылған 10 отбасына, Наурыз мерекесіне орай 10 отбасына, «Алғыс айту күні» мерекесіне орай 7 отбасына, Жеңіс күні мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлеріне, «1-қазан –қарттар күні» мерекесіне орай» 10 қарияға азық түлік пакеттері және құрбан айт мерекесіне орай 40 отбасыға ет таратылды. Жаңа оқу жылына тұл жетім балаларға «Мектепке жол» акциясы аясында мектепке керекті киім-кешекпен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 15 мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыға, 20 аз қамтылған отбасыға, 15 көпбалалы отбасыға, 10 қарияға азық түлік пакеттері таратылды.

           Б.Момышұлы ауылы бойынша көрiктендiру, көгеріштендіру, абаттандыру және санитарлық тазалық  жұмыстары  туралы

          2022 жылы көктемгі және күз мезгіліндегі көріктендіру, көгеріштендіру, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын өткізу кезеңінде, тазалық жұмыстарын атқару мақсатында іс-шара жоспары жасалып, қоқыстарды тазарту және тасымалдап шығару» жұмыстары атқарылды. Сенбілік кезінде жиналған қоқыстар! «Арсенал» ЖК-ның 2 (екі) дана Газ-53 маркалы жүк көлігін пайдалану арқылы тасымалданды. Одан  бөлек, жеке ауыл тұрғындарымен қоқыстарды тазарту және тасымалдап шығару үшін 1200 үйге келісім-шарт жасалып, тазаланды.

Жалпы ауыл шегіндегі сауда нысандары мен тұрғындарға  370 дана ұсыныс-ескертпелер таратылып, тазалық жұмыстарын жүргізуге, қоқыс шығаруға келісім-шартқа тұруды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта ауыл әкімшілік қызметкерлері мен көше өкілдері тұрақты жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, Б.Момышұлы ауылына тал-дарақтар отырғызу іс-шара жоспары бойынша көктем мезгілінде 2500 дана жеміс және терек, т.с.с әр түрлі ағаштар отырғызылды.

Жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру бойынша:

Қазіргі уақытта ауылға қарасты жалпы жердің көлемі — 6479 га. Оның ішінде:  ауылшаруашылық жердің көлемі – 5180 га.

Шегараның кеңейуіне байланысты тұрғын үй және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін кезекке тіркелген 170 азаматқа, Көктөбе алқабынан тұрғын ұй құрылысын жүргізу үшін жер алаңдары дайындалғандығы туралы хабарлама беріліп, тұрғын үй құрылысы жүргізу үшін жер телімдерінің алдын-ала орналасу сызбалары жасалып, жерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 158 азаматқа шешім шығарылды.

Алайда, 2007жылдан бастап — 2022 жыл аралығында Б.Момышұлы ауылынан тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесіне өтініш білдірген – 1960 азамат қағаз жүзінде өтініш білдірген, «Егов.кз» порталы арқылы электронды түрде-1924 азамат кезекте тұр. Жалпы саны 3884 азамат.

Мәдениет және спорт саласы бойынша, ауылымызда жалпы 3 спорт мектебі, 2 спорт алаңы  дұрыс  көңіл бөлінген  мәдени  және спорттық  іс-шараларға,  тұрақты   түрде ауыларалық турнир  шахмат,  шашка, стол  теннисі, бильярд, футбол түрлерінен жарыстар  өтіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен мараппатталып тұрады. Мерекелерде өз деңгейінде іс-шаралар өткізіліп, сый құрмет көрсетілді. Бұл шараларға негізінен ШҚ жетекшілері, шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілері демеушілігін жасап отырды.

          Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарда назардан тыс қалған емес.

   Б.Момышұлы ауылы әкімінің аппараты өз жұмысын Қазақстан Республикасының Заңдарына және қабылданған қағидаларға сәйкес жүргізіп келеді. Б.Момышұлы ауылы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда. 2022 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, ауылдық округ әкімі аппаратымен дөңгелек үстелдер мен кездесулер және жастар арасында жарыссөздер жалпы саны 5 іс-шара өткізілді.  Қоғамдағы жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды нысанда жүзеге асырылды. Тұрғындар электронды көрсетілетін қызметтерді  кедергісіз алуы үшін мекемеден өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы тұрақты жұмыс жасауда. Мұнымен қоса, мекемеде тұрғындардың арыз-шағым, өтініштеріне арналған арнайы жәшік орнатылған. Жастар орталығымен, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып білім беру мекемелерінде 6 жиналыс өткізілді.

Жастар саясаты бойынша:

Б.Момышұлы ауылының жастар ісі жөніндегі бойынша инспекторы жұмысын Тұрысмағанбет Мұрат атқаруда. Жалпы ауданда статистика көрсеткіштері бойынша Б.Момышұлы ауылында 2022 жылы тұрғындар саны 14870 адамды құраса, оның ішінде жастар 4979 адамды құрайды, 14 – 29 жас аралығындағылар 34 %. Оның ішінде әйелдер саны – 2855, ерлер саны – 2439 адам. Олардың ішіндегі  Б.Момышұлы ауылы бойынша мемлекеттік қызметтегі жастар саны – 19. Жылдың 12 айында  «Жұмыспен қамту орталығына» барлығы – 724 жас жұмыссыз ретінде тіркелген, 214- жас — тұрақты жұмысқа, қоғамдық  жұмысқа — 44 жас, 52- жас  «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына, 15жас — әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 9 – жас қысқа мерзімді оқу курстарына, «Бастау-бизнес» курсынан оқудан өткен жастар – 292, 52 – жас қайтарымсыз грант жеңіп алса, алғашқы жұмыс орны – 6, 40 – жас жасыл ел бағдарламасына жұмысқа тартылып отыр; жұмыссыз қалған жастар саны –6

   «Жасыл ел»  бойынша:

2022 жылы 40 жасты «Жасыл Ел» бағдарламасымен жұмысқа тартуды жоспарланған. Аталған бағдарламаға NEET санатындағы жастар, Пробация есебіндегі тұрған жастар мен ауданның жұмыссыз жастары тартылды. Атап айтар болсақ, табиғат пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында ауылдық аймақтарда тазалық жұмыстарымен қатар парктерде декаративтік тал дарақтарын егу жұмыстарын жүргізді. Жастар арасындағы діни ахуал бойынша: Жастары арасында діни бағыттар бойынша 2022  жылға арналған іс-шаралар жоспары бойынша, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 12 айында діни бағытта барлығы 25 іс-шара өткізілді. Пробация қызметі бойынша:. 2022 жылдың 12 айында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен  аудандық ПҚ бөлімінің ұйымдастыруымен әр түрлі форматта  3 іс – шара өткізіліп, пробация қызметінде тіркеуде тұрған 4 жас жұмыспен қамту шарасына тартылды.          Нашақорлық пен алкоголизм, суицидтің алдын алу:«Жастар ресурстық орталығы» және «Жастар денсаулық орталығы» мекемелерінің нашақорлықтың алдын алу бойынша іс – шаралар жоспарына сәйкес жастардың қатысуымен 2022 жылдың 12 айында 10 іс – шара өткізілген. Әр түрлі бағытта өткізілген іс-шараларға барлығы 224 жас қамтылған. Ауыл бойынша нашақорлықпен есепте 3 жас бар, алкорголизм бойынша 3 – жас. 2022 жылдың 12 айында ауданда жастардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру және өз-өздеріне қиянат жасаудың алдын алуға арналған іс – шаралар жоспарына сәйкес 6 әр түрлі бағытта іс- шара өткізілді.  Жас ерекшеліктеріне қарай, Б.Момышұлы ауылында 14 – 18 жастағылар –1638, 19 – 24 жас аралығындағылар – 2128 жас, 25 – 29 жас аралығындағылар – 1528 жас.

Қоғамдық   қауіпсіздікті,   қылмыс  және  құқық  бұзушылыққа  қарсы күресті қамтамасыз ету ауыл тұрғындары  арасында бұзақылықтың,  тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мақсатында  ауылдық жерлерде  қоғамдастық мүшелерінің жұмысының игі әсер етуі, жастар арасында тәртіп бұзушылықтың ақыры келеңсіз жағдайларға апарып соқтыратындығы туралы үгіт-насихат жүргізу болып табылады. Бұл бағыттағы  жұмыстың өз деңгейінде атқарылудың бірден-бір себепкері, ауыл сақшылары-учаскелік полиция инспекторларымен ауыл әкімі аппаратының мамандары  өзара  бірлесіп барлық шараларды жүзеге асыруда. Бауыржан Момышұлы ауылы бойынша 5 учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Жыл басынан ауылда 42 қылмыс тіркеліп, 41 ашылды. Б.Момышұлы ауылына қарасты учаскелік инспекторларымен қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК-де көздерген баптарға сай 1350 әкімшілік хаттама толтырылды. Отбасында жанжал шығарып құқық бұзушылық жасаған-40 азамат Жуалы АПБ-не профилактикалық алдын алу есебіне алынды. Соның ішінде, 26 азаматтың іс-құжаттары сотқа жолданып 9 азаматқа ескерту жасалынып, 17 азамат соттың шешімімен Тараз қаласы арнайы қабылдау-тарту орталығына әкімшілік қамаққа алынды. 14 азаматқа қатысты әкімшілік іс татуласуларына байланысты қысқартылған. Сонымен қатар, 35 азамат маскүнем ретінде, 16 азамат есірткіге әуес ретінде Жуалы АПБ-не профилактикалық алдын алу есебіне алынды. Кәмелет жасына толмаған жастар арасында қылмыс тіркелмеген. Жолда жол ережесін бұзғаны үшін 596 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Өзгенің өміріне қауіп төндіре тұра, автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін 36 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жуалы аудандық соттың қаулысымен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқарудан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Учаскелік полиция инспекторлары мен Бауыржан Момышұлы ауылы әкімі аппаратының мамандарымен бірлесе отырып түнгі рейдттер жүргізілуде.

Әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы бойынша:

Әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы бойынша: 2022 жылыдың 12 айында 1995-2004 жылы туылған  жасөспірімдер 97 азаматқа зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 42 азамат әскер қатарына алынды және 2005 жылы туылған  жасөспірімдер 87 азамат әскери учаскесіне тіркеуге алынды.

Өңірлік дамыту бағдарламасы шеңберінде және бюджет қаражаты есебінен

           1.Бауыржан Момышұлы ауылы Жібек жолы көшесіндегі Бауыржан Момышұлы ескерткішін абаттандыру – 6215,0 мың теңге «InvaРrofi» мүгедектер қоғамдық бірлестігі жеңіп алып, қазіргі  таңда жұмыстары толық аяқталды.

2.Бауыржан Момышұлы ауылы Л.Сейтбеков көшесіне «суару жүйесіне ағымды жөндеу» лоток орнату және Бейсенбек Сафинов көшесі бойындағы көшеттер мен ағаштарды қоршау жұмыстары Жеке кәсіпкер «АРСЕНАЛ» 7 млн 950мың жеңіп алып, бүгінгі таңда жұмыстар аяқталды.

3.Бауыржан Момышұлы ауылдағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізу, жобалық сметалық  құны 17 млн 200 мың. теңге, Аудандық қаржы бөлімі арқылы ашық конкурсқа қойылып — «Алатау-Байтерек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алып, қазіргі кезде жұмыстар аяқталды.

4.Бауыржан Момышұлы ауылындағы сайлардан өтетін көпірлерге заманауи шырақтар орнату   Жеке Кәсіпкер  «Имамбай А.М.» жобалық сметалық  құны — 1 млн 199 мың теңге жеңіп алып, қазіргі кезде жұмыстар аяқталды

         5.Бауыржан  Момышұлы ауылы Жібек жолы көшесінің соңғы тұйығында орналасқан бейіттің қоршау жұмыстарына 3 800,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

  1. Б. Момышұлы ауылы Б. Момышұлы көшесіндегі автожолдың бір бөлігінде орта жөндеу жұмыстарын баға ұсыныстарға сұраным тәсілімен «Элит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоспарлаған 6 182 108 сомасына ұтып алып, жұмыстар аяқталды.
  2. Б. Момышұлы ауылы Жібек жолы және Парасат көшелері бойында сәндік темірбетон қоршаулар орнату жұмыстарын — 6 272 000.00 (алты миллион екі жүз жетпіс екі мың тенге нөл тиын) сомаға ИП «ЛюксорСервис» жеке кәсіпкері келісім шарт жасасып, жұмыстары толық аяқталды.
  3. Б. Момышұлы ауылы Жібек жолы, Б. Сафинов және Парасат көшелеріндегі металл конструкцияларды бөлшектеу жұмыстары бойынша Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын — үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жуалы-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 800 000 теңгеге жұмыстар жүргізілді.
  4. 9. Бауыржан Момышұлы ауылындағы С.Сейфуллин көшесіндегі автожолды орташа жөндеу жұмыстарын Бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен «ShymStroyGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 787 000.00 теңгеге ұтып алып, қазіргі уақытта жұмыстар басталған жоқ, іс сотқа беріліп сот процесі жүріп жатыр.

Жарықтандыру бойынша

          1.Бауыржан Момышұлы ауылы С.Сейфуллин, Әулие Бастау көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу, жобалық құны 5 млн 220 мың теңге, ашық конкурсқа койылып, «Алатау- Бәйтерек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарды толық аяқтады.

  1. Бауыржан Момышұлы ауылының көшелерінде орналасқан түнгі жарықтардың жануын қамтамасыз ету жұмыстары (күйген лампаларды ауыстыру, уақтылы жанып-өшуін және басқа ақауларды жөндеу), ашық конкурсқа койылып, «Алатау-Байтерек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 6 млн 250 мың. теңге жеңіп алып кәзір танда жұмыстар жалғасуда.

Демеушілер арқылы жасалған жұмыстар

          Облыс әкімінің бастамасымен бастау алған «Асарлатып үй салу» бағдарламасы аясында, Бауыржан Момышұлы ауыл кәсіпкерлерінің көмегімен Асылбек Тұрысбеков көшесі №1 үйде тұратын жалғыз басты көпбалалы ана Кошаева Жанар отбасына үйне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мағжан Жұмабаев атындағы №29 орта мектебіне жеке кәсіпкер Т.Турумбаев  25,0 млн теңгеге футбол алаңшасы мен балалар ойнайтын стрит ворк аут алаңшасына спорт құралдарын жеке қаржысына салып берді.

 

К.Төреқұлов, Б.Момышұлы ауылының әкімі
27.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 59
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 108
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 35
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 20

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 336
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6438
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8052
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6519
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6654