БАТЫР ҚЫЗДАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ!

БАТЫР ҚЫЗДАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ!

🔰Табиғаттың қайта оянар шағы, көктемнің алғашқы айымен келетін Әз Наурыз мерекесін халқымыз жақсылықтың жаршысына балайды. Күні кеше ғана Иордания астанасы Амман қаласында өткен Азия чемпионатынан үш бірдей жерлесіміз жүлдемен оралған еді. Еліміздің еңсесін биіктеткен абыройлы жеңіс біздің ауданымыздың да мерейін тасытты. 

Аудан әкімі төлебилік қола медаль иегері Мадияр Бексұлтановты қабылдағаннан кейін араға бір күн салып, қос батыр қызымыз белбасарлық алтын медаль иегері Бақыт Сейдіш пен күміс медаль иегері атанған Ақсу ауылынан Нұрсұлу Сүйінәліні қабылдады. Шетел асып, шаршы алаңды бағындырған батыр қыздарымызды жылы жүзбен қарсы алған Сәкен Қаланұлы қос бұрымдымызды биылғы туғанына 100 жыл толып отырған Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұловалардай жаужүрек батыр апаларының рухы қолдасын деген тілегін білдірді. 

Кездесуге Бақыт Сейдіштің ата-анасы Самат Сүндетбаев пен Алмагүл Рысалдиева да арнайы келіп, өз кезегінде жүрекжарды сөздерін айтып, тілектес жандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Салтанатты қабылдауда аудан басшысы бүгінгі күннің батырларына Алғыс хат пен сыйлықтарын табыстап, естелікке суретке түсті.

10.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 341
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 485
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 331
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 189

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18246
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18106
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33295
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31845
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35560