Батыс Қазақстан облысы: «Ауыл аманаты» бағдарламасы жұмыссыздықты жоюға септігін тигізді

Батыс Қазақстан облысы: «Ауыл аманаты» бағдарламасы жұмыссыздықты жоюға септігін тигізді

 

Қазан айының соңында халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газеті  мен  «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайтының «Amanat» партиясымен және бірнеше құзырлы министрліктермен бірлескен «Ауыл аманаты – ел аманаты» экспедициясы аясындағы жолсапары Батыс Қазақстан облысында жалғасты.  

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясындағы экспедициясының мақсаты – өңірдегі елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысу, жұртшылықпен жүздесу екенін оқырманның есіне тағы бір мәрте саламыз. Ақ Жайықта бірнеше күн аялдаған «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның бас директоры, ел анасы Сәуле Мешітбайқызының аудандарға сапарын оңтайлы ұйымдастырған «Amanat» партиясының облыстық филиалын ерекше атап өткен жөн.

Осы экспедиция барысында қаламын «қару» етіп, ауылдың аманатын арқалап, көш бастап жүрген газет басшысы Сәуле Мешітбайқызын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қабылдады. Елордалық мейман өзі басшылық ететін басылымның бірнеше жылдан бері ауылдың тағдырына алаңдап жүргенін айтып: 

– Соның ішінде «Ауыл аманаты – ел аманаты» экспедициясы аясында бұл мәселені тереңнен қаузап жүрміз. Осы ретте мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан игі істерге де назар аударып келеміз. Бұл бағдарламаны орындауда батысқазақстандықтар алдыңғы шепте екенін де білемін. Ауыл аманатының ішінде ұрпақтың да аманаты бар. Оларды бір-бірімен ұштастыру – менің басты ұстанымым. Осы экспедицияға бірнеше министрлікті ұйыстыруымыздың да өзіндік мәні бар. Себебі, бүгінгі қоғамның қай саласында да өткір проблемалар аз емес, – деді. Сондай-ақ экспедицияның үндеуімен және мақсатымен таныстырып өтті. Сөз арасында қазақ баспасөзінің бүгінгі ахуалына да тоқталды.   

Өз кезегінде өңір басшысы тілшілері елді аралап, ауыл-аймақтардағы жағдайларды өз көзімен көріп жүрген халықаралық мәртебесі бар «Qazaqstan dauiri» газетінің бастамасына ризашылығын білдірді. 

– Жуырда облысымызға жұмыс сапарымен келген мемлекеттік кеңесші Ерлан Тынымбайұлы да баспасөздің қоғамда алатын орны жоғары екенін айрықша атап өтті. Бүгін сіз де өмірлік тәжірибеңізге сүйене отырып, ұстаз ретіндегі ішкі ойларыңызды, журналист ретіндегі ой-пікіріңізді жеткізіп отырсыз. Барлығы орынды, қозғап отырған мәселеңіз де өзекті, – деді Нариман Төреғалиұлы.      

Облыс әкімімен жүздесуден кейін Сәуле Мешітбайқызы облыстық басқармалардың басшыларымен кездесіп, өңірге қандай мақсатпен жолы түскенін айтып, ортақ мүдде жолында бірлесе үн қосуға шақырды.

Танымал журналист, ел анасы Сәуле Мешітбайқызының Бәйтерек, Бөкей ордасы, Теректі аудандарына сапарын ұйымдастыруға облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, «Amanat» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Кадралиев бастаған азаматтар атсалысып, экспедиция жұмысының жүйелі жүргізілуіне өз үлестерін қосты.

БҚО аудандарында атқарылып жатқан жұмыстар мен келелі мәселелер туралы топтамалармен газетіміздің алдағы нөмірлерінде таныса аласыздар.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы
08.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТАҒЫ ҰН ЗАУЫТЫ ЖЫЛЫНА МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ШЫҒАРУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 38
Жамбыл облысында көлік инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқынды
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 28.01.2025 112
ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 90
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 36
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНІМ ЛАТВИЯНЫҢ НАРЫҒЫНА ШЫҚТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 50

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13945
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12764
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16025
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14928
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19978