Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен биыл Елімізде "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануына орай, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Облыстық жұмысшы әйелдер форумы өтті.
Еңбек адамын, соның ішінде ер адаммен бірдей иық тіресе еңбек етіп жүрген әйел азаматтарымызды ұлықтау - бүгінгі біздің мақсатымыз. Еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру биылғы алға қойылған жоспарлардың бірі.
Форум жұмысына әр салада қызмет етіп жүрген жұмысшы әйелдер қатысып, бірқатары өз еңбек жолы, мамандағын сәтті таңдауы, отбасының қолдауы, өмір жолындағы қиындықтары, кәсіпті игерудегі қадамдары туралы қатысушыларға ақпарат беріп, өз ойларын жеткізді. Олардың ішінде құрылысшы саласын игерген Байғалиева Айнагүл, табиғи өнімдер шығарып жүрген Ляззат Сейткереева, трансформатор жасау жолында қызмет атқарып жүрген Ләззат Жұмаділда да бар.
Әйелдер форумы аясында өңіріміздің экономикалық, ауыл шаруашылық, өндірістік бағытта өсу деңгейін арттыруға үлес қосып жүрген бірқатар жұмыс беруші мекемелері ұлықталды.
Адал, қажырлы еңбек арқылы жетістікке жеткен азаматтар қашанда құрмет пен ықыласқа бөленеді. Өз саласының мамандарының арқасында ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасуда. Сондықтан да мемлекет еңбек адамдарының жағдайын, түрлі саладағы жұмысшы мамандықтары мен мамандардың беделін көтеру үшін бірқатар шаралар қолға алынды.
- Тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындарын құрып, өңіріміздің дамуына қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Кемелдікке деген тынымсыз ұмтылысыңыз үшін, әр қызметкерге көңіл бөлгеніңіз үшін және кәсіпорынның болашағына қамқорлық жасағаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Бүгінгі іс-шарада өздеріңізді көргеніме қуаныштымын! Алдағы уақытта осы Жұмысшы жылдың аясында осы мекемелер қатысуымен ауқымды Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін және сапалы іс-шара ұйымдастырсақ деген ұсыныстарымызды айтқым келеді, - деді облыстық филиал атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев.
Шара барысында филиал Атқарушы хатшысы А.Сафималиев атынан жұмысшы мамандықтарды игеріп, жетістікке толы еңбек жолын жасап жүрген әйелдер қауымына, сонымен қатар жұмыс берушілер арасында қиындықтарды артқа тастап, бірқатар тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтып, өңірдің экономикалық, аграрлық ахуалының дамуына үлес қосып отырған әйел басшыларғаұзақ жылдар бойы 50-ден аса тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отырған ірі кәсіпорын басшыларына облыс экономикасын нығайтуға бағытталған жемісті еңбегі үшін құрмет көрсетіліп, Алғыс хаттар табысталды.
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы Зарина Каирова