Батысқазақстандық университеттің ғылыми әлеуетіне оң бағасын берді

Батысқазақстандық университеттің ғылыми әлеуетіне оң бағасын берді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқу-ғылыми нысандарын аралап, жастармен және ғалымдармен кездесті.

Алдымен министр Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовпен бірге білім ордасындағы «Жәрдем-Вет» оқу-ғылыми өндірістік орталығының, Ихтиология және аквакультура зертханасының, Сынау орталығындағы ғылыми зертханалардың, Жастар бастамасын дамыту орталығының, «Жәңгір хан» спорт клубының жұмысымен танысты. Сонымен қатар ғылым және білім беру бағыттары бойынша көрме жұмысын аралап, университет дамуының экономикалық көрсеткіштері, білім берудің сапасы, ғылыми бағыттар бойынша жасалып жатқан жұмыстардан хабардар болды. Бұдан соң студент жастармен және ғалымдармен кездесті.

Құзырлы министрлік университеттердің мәртебесіне, деңгейіне қарамастан, бірігіп жұмыс жасауды, оларға қолдау көрсетуді көздеп отыр. Ғылым саласына жастарды көбірек тарту, саладағы түйткілді мәселелерді зерделеу, бөлінген қаржының мақсатты түрде жұмсалуына ықпал ету жұмыстары жүргізілуде. Яғни, елімізде ғылымды жандандыру ісіне баса көңіл бөлінбек. Бұл туралы кездесу барысында сөз алған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

– Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы, биотехнология, биомедицина, генетика, селекция салаларында түбегейлі өзгерістер орын алуда. Сол өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар болу үшін алдымен тіл білу керек. Өйткені бұл салалардағы мақалалар, ізденістер, жобалар ағылшын тілінде жазылады. Мемлекет басшысы 12 сәуірде өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында елімізде ғылым моделі өзгеретінін айтты. Енді алдағы 5-7 жылда университеттік ғылымға баса назар аударылатын болады. Соның ішінде ғылыми кадрлар даярлау, зертханалардың жұмысын күшейту, жарияланымдардың сапасын арттыру, жаңа ғылыми бағыттарды ашу, қолданбалы комменцияландыру жобаларына бет бұру – негізгі бағыттар қатарында болмақ, – деген министр Жәңгір хан университетінің ғылыми әлеуетіне оң бағасын берді. 

«Бұл жағынан университет басшысы тәжірибелі, оқу орнында өндіріс ошақтарымен байланыс орнатылған, шағын инновациялық өндірістеріңіз бар. Осы негізгі бағытты ұстана отырып, жұмысты жалғастыру керек» деді сала министрі. 

Сонымен қатар Саясат Нұрбек ғылымды дамытуға өз үлестерін қосып жүрген университет ғалымдарын «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және ҚР Ғылым және жоғары білім миниситрлігінің Құрмет грамотасымен  марапаттады. Сондай-ақ ғылыми дәрежелері Қазақстан Республикасында танылған қос ғалымға дипломдары табысталды. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
29.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 41
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 572
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 686
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 600
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 609

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8746
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8146
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11375
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9129
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10360