Батысқазақстандықтар су тасқынының алдын алу бағытында күресуде

Батысқазақстандықтар су тасқынының алдын алу бағытында күресуде

 

 

Осы аптада Батыс Қазақстан облысында күн райы күрт жылынып, оған нөсер жауын қосылып, еріген су өңір жұртшылығын әбігерге салуда.  

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңір басшысы Нариман Төреғалиев облыс орталығы – Орал қаласындағы су басу қаупі жоғары шағын аудандар мен көшелерді аралап шыққан. Сәйкесінше, жауапты мекемелерге қар және жаңбыр суларын уақтылы шығару, жолдарды бөгеу, қапшықтармен құм төсеу, су арналары мен құбырларды тазалау жұмыстарын дер кезінде атқаруды тапсырды.

Сонымен қатар кешеден бері әлеуметтік желілерде Оралдағы тұрғын үйлердің аулаларын, тіпті үйдің ішіне дейін су басқаны туралы бейнежазбалар тарауда. Осы ретте облыстық ТЖД баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, «112», «109» шұғыл қызметтеріне 1104 қоңырау түскен. Ал жедел желі телефонына 56 қоңырау шалынған. Алғашқысының 792-сі бойынша тиісті шаралар атқарылған. Еріген қар және жаңбыр суларын, кәріздегі ағынды суларды сору, инертті материалдар төсеу жұмыстарына төтеншеліктер, жергілікті атқарушы органдар, әскери бөлімдер сарбаздары – барлығы 990 адам жұмылдырылған. Оған қоса 222 бірлік техника, 153 мотопомпа пайдаланылған. Нәтижесінде 3 әлеуметтік нысанның жертөлесі, 5 көпқабатты үй, 298 жеке тұрғын үйлердің аулалары мен аумақтары судан тазартылған.

 

Облыстық және аудандық маңызы бар 5 ауданның автожолдарының сегіз учаскесінде қардың қарқынды еруі және жауын-шашын салдарынан жол төсемін су шайып кету жағдайлары орын алған. Бір қуантарлығы, зардап шеккендер жоқ. Аталған учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылған. Орал қаласы бойынша 50 адамға арналған бір эвакуациялық бекет дайындалған.

Су тасқынымен күресу барысында жыл сайын Оралдағы Ұлттық ұлан әскерилері қолұшын созып, көмекке жұмылатыны белгілі. ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі 5517 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-жуық адам биыл да су басу қаупі жоғары жерлерде арнайы бөгеттер құру, көшелер мен аулаларда жиналып қалған қарларды шығару, судың өз арнасымен жүруі үшін арықтарды тазалау жұмыстарына атсалысып жатқанын жеткізді. – Бұл іс-шараға белсене атсалысу – біз үшін үлкен ерлік емес, тек біздің міндетіміз. Ұлттық ұлан жауынгерлері қандай жағдай болмасын, халыққа көмектесіп, кез келген қиындықтың алдын алуға бар күш-жігерлерін жұмсайды, – дейді аталмыш әскери бөлімнің батальон командирі, майор Жасұлан Көрпешов.

 

 

 Ләззат ҚАЖЫМОВА,  Батыс Қазақстан облысы

 

27.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 237
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 234
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 736
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 859
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 772

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8927
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8323
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11548
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9307
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10535