Жақында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин Ресей мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарих мұрағатында “құпия” белгісімен сақталған Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына қатысты кейбір құжаттарды оның немере інісі Бекет Момынқұлға тапсырды.




Алексей Бородавкин өз сөзінде биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толғанын айрықша атап өтті. «Біз – одақтастармыз және доспыз. Бүгінгі қазақстандық достарымызға берілген мұрағаттық құжаттар осы қарым-қатынастың дәлелі», – деді Елші.

