БАЯНАУЫЛДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ I ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

БАЯНАУЫЛДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ I ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Табиғат аясында кітап оқу» тақырыбында кітапхана әдіскерлеріне және мектеп кітапханашыларына арналған республикалық семинар өтті. Іс-шараны Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ұйымдастырған.
Семинар салтанатты түрде аудандық білім бөлімі өкілдерінің және Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернат директорының құттықтау сөздерімен ашылды. «Көкжиек-Горизонт», «Абай», «Шұғыла» баспаларымен қоса «SMARTKITAPHANA» мектеп кітапханашыларын автоматтандыру және цифрландыру» тақырыбындағы үздік жобаны «Edlıne» ЖШС бизнесті дамыту менеджері Арман Ажимуханов таныстырды.
Кітапхана саласына тың серпін берген семинарда Баянауыл ауданының ең көрікті жерлері Сабындыкөл жағалауында «Қазыналы Баянауылдағы Сабындыкөл жағалауында кітап оқу тақырыбында» Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды облыстары әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары іс-шараларын таныстырса, «Аңызға толы табиғаты көркем Жасыбай көлінің жағалауында кітап оқу» тақырыбында Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстары өз көрсетілімдерін ортаға салды.
«Ақбет тауының етегіндегі Торайғыр көлінің жағалауында кітап оқу» тақырыбында өз іс-тәжірибелерін Батыс Қазақстан, Жетісу, Павлодар, Ұлытау облыстары да көрсетіп өтті. Көркіне көз тойғысыз Баянауыл тауларында Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары әдіс-тәсілдерімен алмасты.
Алғаш рет табиғат аясында өтіп отырған ауқымды семинар жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде Түркістан облысы жүлделі I орынды қанжығасына байлады. Баянауыл өлкесінің саф ауасын жұтып, табиғатта кітап оқуды насихаттау және Қазақстанның көрікті жерлерін таныту мақсатында өткен семинар өз жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 252
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 325
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 277
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 312

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4139
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3568
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5788
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4542
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5728